Басты бетALMATY RESORT ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

ALMATY RESORT ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

ALMATY RESORT ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Бүгін «Almaty resort» шипажайы 55 жылдықтарына орай журналистер мен блогерлерге пресс-тур өткізді. Кешен директоры Яков Стерлигов және орынбасары Салтанат Бейсембаева өздері ертіп жүрді. Олар шипажайдың тарихы мен жетістіктерін айтып, демалып жатқан қонақтар және ұжыммен таныстырды. 

Журналистер мен блогерлер үлкен аумақтағы әсем бақты аралап, керемет қылып жөндеп қойған нөмірлерді көріп, шипажайдың ардагер аспазы Қанекен Теңеспаеваның өзі пісірген дәмді бауырсақтан ауыз тиіп, қаладағы ең әдемі бассейнді көріп, сосын медбөліктегі емдік процедураны өздеріне сынап көрді. Бірі балшықпен емделді, енді бірі массаж жасатты, тағы бір журналист емдік ваннаға түсуге кетіп қалды, бір блогеріміз аяғына терапия жасатып, екі-үшеуі тұзды шахта мен оттегі коктейліне топ-тобымен бөлініп кетті. Минералды су сорғысына бәрі қызықты. Оны шипажай аумағынан 3004 метр тереңдіктен тартады. 

- Мен бұрын шипажай дегеніміз ескінің әдеті. Тек шал-кемпірлер ғана келіп демалады деп ойлайтынмын. Сөйтсем олай емес екен. Біз де келіп күш-қуат жинап, талай қызықты көріп, еркін демалуымызға болады екен ғой! - дейді журналистердің бірі. 

- Бәріне аузымды ашып жүрдім. 20 гектар ғажайып бақтан бастап, заманауи SPA қызметтері мен мейірімді қызметкерлердің бәріне риза болдым. Өте ыңғайлы нөмірлер мен тыныштығы ерекше екен, - дейді бір блогер. 

Соңында бәрі естелікке суретке түсіп, қимай қоштасты.