Басты бетҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

«Almaty Resort» санаторийіндегі дәрігерлер тобы кәсіби спортшыларға арналған мамандандырылған емдеу-оңалту бағдарламаларын әзірлеуге кірісті. Мысалы, теннисшілердің жиі кездесетін жарақаттарына «теннисшінің шынтағы», айналмалы манжеттің зақымдануы, иық буынының импиджмент синдромы жатады. Кез келген футболшының әлсіз жақтарының бірі – тізе буындары, атап айтқанда мениск жарақаты, жүктемені жеңілдететін шеміршек жастықшаларының ауырсынуы. Ал жүзушілер көбінесе құлақтың созылмалы қабынуынан зардап шегеді.

«Almaty Resort» шипажайының физиотерапевтері мен оңалтушылары спортшылардың кәсіби ауруларының барлық ерекшелігін ескеруге және оңалту мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар қазақстандық спорт өкілдері үшін профилактикалық іс-шараларды дайындауға ұмтылады.