Физиотерапия бөлімшесі ағзаны медицинаның соңғы талаптарына жауап беретін физиотерапевтік ем-шаралар кешенінің көмегімен сауықтырудың, профилактиканың және қалпына келтірудің барынша үлкен мүмкіндіктерін ұсынады:
- Соққылы-толқынды терапия (СТҚ) - кальций тұздарының микрокристалдарын бұзуға және олардың бұлшықеттерден, сіңірлерден және байламдардан кетуіне әсер етеді, нәтижесінде қанағым мен зат алмасу жақсарады. Әсері ауру синдромының, бұлшықет спазмының төмендеуінен немесе жоғалуынан; сіңірлер мен байламдардың созылғыштығының артуымен білінеді.
- Вакумед – аяқ буыны ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Емдеу мақсаты – аяқтың қанайналымын жақсартады, тамырларды қатайтады және лимфатамырлар мен қантамырлардан зиянды қалдықтарды шығарады.
- «Каракала» ваннасы – інжу ваннасының минералды сумен және хромотерапиямен (түс терапиясымен) үйлесуі. Денені босаңсытатын, күйзеліске қарсы әсері бар заманауи гидротерапевтік массаждық емшара.
- Виши душы – рефлекторлық аумақтарға жұмсақ массаж жасау арқылы қанайналым жақсарады, лимфодренаж жүргізіледі және нерв жүйесіне жағымды әсер етеді.
- Лазерлік терапия – электромагниттік сәулелендіру – иммунитетті реттейді, қанайналымын жақсартады, ауырсынуды басады, қабынуға және ісінуге қарсы, таратқыш әсері бар.
- Магнитотерапия – төмен жиіліктегі импульстік магнит өрісіне әсер етуге негізделген физиотерапияның бағыты. Қабынуға және ісінуге қарсы, тыныштандырады, ауруды басады, барлық мүшелер мен жүйелердің қанайналымын жақсартады.
- Ультрадыбыстық терапия – ультрадыбысты емдеу мақсатымен пайдалану. Жасушалар мен тіндерге микромассаж жасайды, алмасу және иммундық процестерді белсендіреді.
- Диадинамотерапия – импульстік тоқты пайдаланатын емдеу тәсілі, негізгі нәтижесі – ауырсынуды басу.
- Жарықпен емдеу – Биоптрон алмасу процестерін реттейді және иммунитетті күшейтеді, қабынуға қарсы әсер береді.
- СПА-капсула – гидрофузиялық СПА-капсула мен гидромассажды ванна мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей физиотерапевтік сумен емдеу кешені. Сауықтыру әсері бұлшықеттердің жылы суда босаңсуына негізделген. Осы әсер хош иістермен, босаңсытатын хромотерапиямен, жұмсақ көпіршік гидромассажымен күшейтілуі мүмкін.
- Галотерапия – галогенератор арқылы натрий хлориді тұзын шашырату көмегімен жасалған тұзды үңгірлердің микроклиматы. Теріс иондар адамның дем алу органдарына барып, өкпенің тыныс алу жүйесінің нерв ұштарын тітіркендіреді, көбінесе өкпе альвеоласының қабырғалары арқылы қанға өтіп, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бронхолиттік әсер етеді.
- Құрғақ гидромассаж – су ағыны арқылы ағзаға қарқынды әсер етеді. Денені ширатады, тіндер мен бұлшықеттерге тонус береді, тері мен ағзаның барлық қан тамырларын кеңейтеді, зат алмасуды жақсартады және салмақтың түсуіне әсер етеді.
- Құрғақ және су көмірқышқыл ванналары – артериялық қанда көмірқышқыл газының тұрақты және қалыпты болуын қамтамасыз етуге арналған. Құрғақ көмірқышқыл ванналары ең алдымен жүрек-қантамыр ауруларына, иммунитетті көтеруге, электролит, көмірсу және май ауысуларын реттеуге ұсынылады.
- 2 камералы құйынды ванналар – ағзаны жалпы сауықтыруға және қорғаныш функцияларын күшейтуге, өмірлік маңызды дене мүшелерінің тонусын көтеруге арналған құрал.
- Камералы контрастылы ванналар – контрастылы ванналардың бір емшараны өткізу кезінде суық пен жылы судың арасындағы айырмашылық 2-6, тіпті 20°С-қа жетуі мүмкін. Ванна міндетті түрде суық сумен бітуі керек. Қан тамырлары жаттығып, қанайналым жақсарады.
- Інжу ванналары – ваннаның түбіне салынған металл құбырлардың саңылауларынан шығатын су көпіршіктері інжуге ұқсағандықтан інжу деп аталады. Олар су ағынымен араласып, денеге массаж жасағандай әсер береді
- «ФЛОЙТИНГ ваннасы» - тығыздығы Өлі теңіздің суымен бірдей, магний сульфаты тұздарының негізіндегі сумен толтырылған ванна, оның ванна температурасымен және климаттық ортаның үйлесуі ағзаның босаңсуы мен қалпына келуі үшін жағдайлар туғызады.
- Қызылиекті минералды сулау және балшық аппликациялары – қызылиек микромассажы және ауыз қуысынан шартты түрде патогендік микроорганизмдерді механикалық жуу. Қызылиек ауруларын емдеу және алдын алу үшін пайдаланылады.
- Тракциялық терапия: омыртқаны су асты тарту – омыртқаның қаңқа-бұлшықет аппаратына әсер ету. Бұлшықеттердің спазмын басады, диск ішіндегі қысымды түсіреді, ауырсыну синдромын басады.
- Бювет: емдік мақсатта минералды суды ішу (ас қорыту мүшелері, несептік-жыныстық жүйелері, эндокриндік мүшелер мен зат алмасу аурулары кезінде), біздің суымыздың ішкен кездегі терапевтік әсері негізінен спецификалық кальций-натрий хлоридінің құрамымен және айтарлықтай деңгейде минералдануымен шарттастырылған. Натрий хлориді суы асқазанға түскенде асқазан сөлінің шығуына ықпал етіп, ішек перистальтикасын жақсартады.
- Фитотерапия – дәрілік шөптердің қайнатпасымен емдеу.
- Массаж креслосы – нерв жүйесі, жүрек-қантамыр және тірек-қимыл аурулары кезінде жасалатын механикалық массаж.
- «Фанго - парафин» озокеритпен емдеу – парафин қатарындағы көмірсутегілердің, минерал майларының, газ тәріздес көмірсутегілердің қоспасынан тұрады. Осы заттар тері арқылы кіріп, вегетативтік нерв жүйесінің жағдайына, зат алмасуға, тіндердің қан және лимфаағымына, ішкі секреция мүшелеріне әсер етеді.
- УВЧ мен ДМВ терапия – науқастардың денесіне ультра жоғары жиілікті электр өрісі мен дециметрлік диапазондағы электромагниттік толқындармен әсер ету әдісі. Қабыну процесі кезінде қолданылады.
- Гальванизация мен электрофорез – емдеу мақсатында кернеуі аз тоқты пайдалану. Перифериялық нерв жүйесі, орталық нерв жүйесі, неврастения, асқазан-ішек жолы аурулары мен жарақаттарды емдеу кезінде пайдаланылады.
- Су емшаралары: Шарко душы, циркулярлық душ, суы жоғары атқылайтын душ, су асты массаж душы – ағзаның тонусын көтереді, жүйкенің қозуын басады, қанайналымын белсендіреді, уытты шығарады, жалпы нығайтатын әсері бар.
- Су асты массаж душы – шлангіге орнатылған массажды форсунканың көмегімен пайда болатын су ағынымен бүкіл денеге немесе оның бір бөлігіне емдік массаж жасау үшін пайдаланылады. Механикалық және жылулық әсері бар. Су қысымының нәтижесінде дене бұлшықеттерін қыздырады және босатады, сондай-ақ нерв жүйесі мен метаболизмге әсер етеді. Жарақаттардан кейін бұлшықеттер мен буындарды, қанайналымы нашарлағанда қол-аяқты емдеу, ишалгия, спастикалық және әлсіз паралич және семіздікті емдеу кезінде пайдаланылады.
- Балшықпен емдеу (пелоидтер) – бұл жылу сыйымдылығы жоғары және жылу сақтайтын қабілеті, құрамында терапевтік белсенді заттары (тұздар, газдар, биостимуляторлар) бар табиғи минералдық коллоидтық түзілімдер. Балшық қанайналымын жақсартады, қабынуға қарсы және десенсибилизациялау әсері бар.
- Гальванизацияланған балшықпен емдеу - науқас тініне бір мезгілде тұрақты тоқпен, сульфидтік лайлы немесе торфтық емдік балшығымен әсер ететін емдеу әдісі.
- Гидроколонотерапия – ішекті терең тазалау әдісі, оның жұмысын реттеуге, ағзадан токсиндер мен шлактарды шығаруға бағытталған. Гидроколонотерапия қоршаған орта ластанған жағдайда ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, аллергияны басады, иммунитетті қалпына келтіреді.
- Ішекті сулау - ішек жұмысын реттеуге, ағзадан токсиндер мен шлакты шығаруға бағытталған ішекті тазалау әдісі. Асқазан-ішек жолы аурулары, әртүрлі интоксикациялар, аллергиялық жағдайлар және т.б. кезінде қолданылады.
- Гинекологиялық суару – әйелдердің жыныстық аурулары кезінде қолданылады. Минералды су қынап микрофлорасын нормалауға, қынап микрофлорасының дисбалансын жоюға, қынап биоценозын қалпына келтіруге көмектеседі.
Толық ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 300 35 00