Ине салу (инемен емдеу, ине салу, инерефлексотерапия, акупунктура) – шығыс медицинасының ең тиімді және танымал емдеу әдістерінің бірі. Ине салу тарихы 6 мыңнан астам жылды құрайды. Ине салумен емдеудің емдік әсеріне дененің беткі қабатындағы акупунктура (белгілі биологиялық белсенді нүктелер) аумағына арнайы жіңішке инелерді енгізу арқылы қол жеткізіледі. Қытай емшілерінің пікірі бойынша осы нүктелер ци «өмір энергиясы» жүретін каналдарда орналасқан.
Акупунктураны шартты түрде корпоральдық, аурикулярлық және Су-Джок терапиясы деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда денедегі нүктелерге әсер етеді. Екінші жағдайда құлақ қалқанында орналасқан рефлексогендік аумақтар пайдаланылады. Үшінші жағдайда білезік пен табан арқылы әсер етеді.
Акупунктура үшін түрлі инелер пайдаланылады.
Қытайлық инетерапевтер 250 астам ауруды емдей алатынын айтады.
Денсаулық – бұл энергияның ағзадағы динамикалық тепе-теңдігі және оның энергетикалық каналдар бойынша кедергісіз өтуі. Егер жолы ашық, «бөгеттер» болмаса, бәрі жақсы, адамның дені сау. Егер ауру белгісі пайда болса (ал белгі – бұл сигнал), бұл дереу назарға алып, өту жолының жабық жерін табу керек. Инерефлексотерапевт дәрігер акупунктура (жиі бұл инерефлексотерапия немесе инемен емдеу, бірақ жусанмен күйдіру, нүктелік массаж және т.б. болуы мүмкін) әдісін пайдалана отырып, акупунктура нүктелері арқылы (БАТ) ағзамызда пайда болған және жоғарыда аталған белгіні шақырған энергия дисбалансын түзете алады. Атап кеткеніміздей, акупунктура нүктелері – бұл адам ағзасы мен қоршаған ортаның ақпараттық-энергетикалық алмасу құралы. Инетерапияны жүргізіп, ине салудың көмегімен акупунктура нүктелеріне әсер етіп, осы алмасу және энергетикалық каналдар арқылы кез келген органға әсер ете аламыз, оның жұмысын белсендіре немесе, керісінше, әлсірете аламыз.
Инерефлексотерапия ішкі органдардың көптеген созылмалы ауруларын, орталық және перифериялық нерв жүйесін, тірек-қимыл аппаратын, әйелдер мен ерлердің проблемаларын емдеу, күйзеліс және созылмалы шаршағандық синдромы, түрлі ауырсыну сезімдерін басу, аллергия көріністерін емдеу, сынықтар кезінде сүйектің өсуін тездету, зиянды әдеттермен күресу кезінде өте тиімді.