«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалының урологиялық қызметі
Санаторий урологиялық патологиясы бар науқастарға кешенді диагностика жасау мен емдеуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Уролог-дәрігердің кабинеті қажетті құрал-жабдықпен, оның ішінде цистоскоппен, урофлуометрмен, Андрогин аппаратымен жабдықталған.
Уролог-дәрігер:
- ауру диагностикалау, емдеу әдісін таңдау, оның ішінде созылмалы қабыну ауруларын физиотерапевтік және бальнеологиялық емдеу кезінде консультациялық көмек көрсетеді;
- диагностикалық зерттеулер жүргізеді: кіші жамбас органдары УДЗ, бүйрек УДЗ, жыныстық инфекциялардың зертханалық диагностикасы (ИФА және ПЦР), простата сөлінің талдауы, спермограмма, урофлуометрия;
- емдік манипуляциялар жасайды: қуық, үрпі инстилляциясы; простата массажы;
- Андрогин аппараты – бірден бірнеше физиотерапевтік ем-шара кіретін кешенді физиотерапевтік аппарат: төмен қарқындылықтағы жарық диодты және лазерлік сәулемен әсер ету, органдарды электрлік ширату, импульстік жарықпен әсер ету және магнитотерапия. Циститтерді, простатиттерді, әйел және ерлердің жыныстық жүйелерінің қабыну ауруларын, импотенцияны, бедеулікті, зәр тоқтамауды кешенді емдеу кезінде Андрогин аппаратының тиімділігі өте жоғары.
Сонымен бірге біз өз тәжірибемізде физио және бальнеотерапияны пайдаланамыз:
- балшықпен емдеу – жылумен емдеуге жатады, қабыну ошағының таралуына ықпал етеді, тіндердің қоректенуін жақсартады, зат алмасуды ынталандырады, микробқа қарсы әсері бар. Санаторийде ректальды балшық тампондары және созылмалы қабыну аурулары мен ерлердің бедеулігі кезінде жамбас бөлігіне балшық аппликациялары ретінде қолданылады.
- жылумен емдеудің басқа түрі – фангопарафиндік аппликациялар, қабынуға қарсы, кері қайтару әсері бар, қан айналымы мен алмасу процестерін ынталандыруға ықпал етеді;
- меншік ұңғымадан өндірілетін минералды су - бұл құрамында минералдардың, табиғи йодтың және кремний қышқылының емдік-профилактикалық концентрациясы бар емдік-асханалық әлсіз минералданған сілтілі су, сондай-ақ ол кіші жамбас органдарының созылмалы қабыну аурулары кезінде минералды ванналар түрінде кеңінен қолданылады;
- гидротерапия – кіші жамбас органдарына ынталандырушы әсер ететін емдік душтар, гидромассажды ванналар;
- аппаратты физиотерапия мен басқа емдеу түрлері.
Ем-шараның құны:
- Уролог-дәрігердің қарауы (алғашқы) 1 қарау – 4000 теңге.
- Уролог-дәрігердің қарауы (екінші рет) 1 қарау – 3500 теңге.
Байланыс деректері:
Амангельдинов Нұржан Шалқарұлы – уролог-дәрігер +7 (727) 300-35-00, ішкі нөмірі 4309