Басты бетГинекология

Гинекология

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалының гинекологиялық қызметі

 

Санаторий гинекологиялық науқастарға кешенді диагностика жасауға, амбулаторлық және стационарлық (оперативтік) емдеуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрал-жабдықпен жабдықталған.

Санаторийде гинеколог-дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, операция жасау бөлмесі, қарқынды терапия палатасы, операциядан кейінгі палата бар.

Дәрігердің кабинеті қажетті құрал-жабдықпен, оның ішінде кольпоскоп және BTL 5000 Combi аппаратымен жабдықталған. Кольпоскопия – жатыр мойнының фондық ауруларының скринингі ретінде кеңінен пайдаланылатын диагностикалық әдістердің бірі.   

Құрамдастырылған физиотерапияға (электрмен және лазермен емдеу) арналған BTL 5000 Combi аппараты әйел жыныс мүшелері мен зәр шығару жолдарының (созылмалы цистит, зәрі тоқтамау) созылмалы қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады. Электрмен емдеудің қабынуға қарсы, қайтару әсері бар, қанайналымы мен зат алмасуды жақсартады. Лазермен емдеудің де қабынуға қарсы, ауырсынуды басу, қайтару әсері бар, иммунитетті ынталандырады.  

 

Біз өз тәжірибемізде бальнеотерапияны пайдаланамыз:

  • меншік ұңғымадан өндірілетін минералды су - бұл құрамында минералдардың, табиғи йодтың және кремний қышқылының емдік-профилактикалық концентрациясы бар емдік-асханалық әлсіз минералданған сілтілі су, ол гинекологиялық созылмалы қабыну аурулары (кольпит, вульвовагинит, цервицит, жатыр мойнының эрозиясы) болған кезде минералды ванналар, гинекологиялық сулау түрінде қолданылады. Минералды су қынап микрофлорасын нормаландыруға, қынап микрофлорасының дисбалансын жоюға, қынап биоценозын қалпына келтіруге көмектеседі.
  • балшықпен емдеу – жылумен емдеуге жатады, қабыну ошағын таратуға ықпал етеді, тіндердің қоректенуін жақсартады, зат алмасуды ынталандырады, микробқа қарсы әсері бар. Санаторийде вагиналды балшық тампондары, сонымен бірге созылмалы қабыну аурулары мен бедеулік кезінде жамбас бөлігіне балшық аппликациялары түрінде қолданылады.

 

Гинеколог-дәрігер:

  • аурудың диагностикасын жасауға, созылмалы қабыну жыныс ауруларын, нейро-эндокриндік синдромдар: етеккір алдындағы синдромды, климакстық синдромды және т.б. физио-бальнеологиялық емдеу әдістерін таңдауға консультациялық көмек көрсетеді;
  • контрацепция әдістерін жеке таңдауға консультациялық көмек көрсетеді;
  • шағын гинекологиялық операциялар жасайды (жатырішілік спиральді салу немесе алу).

 

Сонымен бірге оперативтік емдеу жүргізіледі:

  • Гистероскопия, жатыр қуысын қырып тазарту, гистологиялық қорытынды.
  • Жатырішілік патология (эндометрий аблациясы, шырышасты жатыр миомасы, метропластика) кезінде гистерорезектоскопия.
  • Әртүрлі дәрежедегі гениталдық пролапс кезінде қынаптың алдыңғы және артқы пластикасы.
  •  Сыртқы жыныс ағзалары төмен түскен және  түсіп кеткен кезде, күйзеліс инконтиненциясы кезінде синтетикалық эндопротездер енгізу (түрлі модификациядағы слингілік (тұзақты) операциялар (TVT, TVT-0, TVT-Secur)).

 

 

Ем-шараның құны:

  • Гинекологиялық сулаудың (минералды су) 1 ем-шарасы - 600

 

 

Байланыс деректері:

Хасенова Майра Жолболдықызы – гинеколог-дәрігер

Омарова Гүлжахан Қашқынбайқызы - гинеколог-дәрігер

+7 (727) 300-35-00, ішкі нөм. 4419