Басты бетУЛЬТРАДЫБЫСПЕН ЕМДЕУ

УЛЬТРАДЫБЫСПЕН ЕМДЕУ

УЛЬТРАДЫБЫСПЕН ЕМДЕУ

«Almaty Resort» шипажайының медбикелері сыбырлап мейірімді дыбыспен, концерт ұйымдастырып, ұлттық аспаптардың дыбысымен, сосын... сосын ультра дыбыспен емдейді!

 

Ультрадыбыспен емдеу – ультрадыбыс деп аталатын ультра жоғары жиіліктің (800-3000 кГц) механикалық тербелістерімен емдеу шарасын жасау.

Емдік әсері: ауырсынуды басады, әбден жіңішкерген тамырларын кеңейтеді, ісікті басып, таратады, қабынуды тоқтатып, қалпына келтіреді, бронхолитикалық, бактерицидтік әсері де бар.

Денедегі ем-шара жүргізу ауданы ересектерде 250 см2, балаларда 100-150 см2 аспайды. Дәрілік заттардың ультрафонофорезі дегеніміз ағзаға ультрадыбысты теріге немесе шырышты қабыққа жағылған дәрілік май арқылы жеткізу. Ультрафонофорез үшін гормональды препараттар, анальгетиктер, спазмолитиктер, антибиотиктер, қантамыр реттеуіштері және бірқатар өзге дәрілік құралдар пайдаланылады.   

Көрсетілімдері:

-        омыртқа остеохондрозының неврологиялық көріністері (түбірлік синдром, қантамырлық-түбірлік синдром, миелопатия және т.б.); 

-        перифериялық нерв жүйесі аурулары мен жарақаттарының салдарлары, нейропатиялар, невралгиялар, ганглиониттер, радикулиттер, омыртқа мен жұлын жарақаттары, шашыраңқы склероз, Рейно ауруы, буын, бұлшықет, сіңір, қалта-байлам аппаратының аурулары мен жарақаттары,

-        бронх пен өкпенің созылмалы спецификалық емес қабыну аурулары (бронхообструктивтік синдром, тыныс алу жетіспеушілігі, созылмалы бронхит, бронх демікпесі, созылмалы пневмония), өкпенің кәсіби аурулары, өкпе туберкулезы;

-        ас қорыту мүшелерінің аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы, созылмалы колит, холецистит, панкреатит, ішек дискинезиясы);

-        тері аурулары (склеродермия, аллергиялық процестер, гиноидтық липодистрофия);    

-        ЛОР мүшелерінің аурулары, ағзаның төмен реактивтілігі фонында науқастың ауыз қуысы шырышты қабығының, көздің   аурулары, жарақаттар мен операциялардың салдарлары, стоматологиялық аурулар;

гинекологиялық және урологиялық аурулар (бедеулік, аднексит, мастит, простатит).