Фанго-парафин – шығу тегі вулкандық, жылуды ұзақ сақтайтын
қасиеті бар, құрамында бұлшықет және сүйек тіндері үшін маңызды
минералды заттары бар, қанайналымды жақсартуға, ауырсыну сезімдерін төмендететуге ықпал ететін және босаңсыту әсері бар минералды балшық.
Емдік әсерлері:
қанайналымды жақсартады, ауырсыну сезімдерін төмендетеді және
ісікті тарататын әсері бар.
Көрсетілімдері:
- буын аурулары, бұлшықеттер мен байламдардың (сіңірдің) үзілуі,
артриттер, артроздар;
- перифериялық нерв жүйесінің аурулары: радикулит, невралгия,
неврит;
- тыныс алу органдарының аурулары: созылмалы бронхит,
пневмония;
- асқазан-ішек жолының аурулары;
- зәр шығары жүйесінің аурулары: созылмалы пиелонефрит, несеп-
тас ауруы, созылмалы цистит, несеп қышқылды диатез;
- тері аурулары: нейродермит, дерматоздар;
Фанго-парафинді массаж сеансы алдында дайындау шарасы (құрысқан бұлшықеттерді босату және жылыту, жалпы релаксикация) ретінде,
косметологияда теріні тиімді жұмсарту, май бездерінің өзектерін ашу, терді қаттырақ шығару үшін тағайындайды.