Қатты су қысымымен жүзеге асырылатын, су астында жүргізілетін гидромассаж түрлерінің бірі. Су асты душ-массажының мақсаты жалпы ағза жұмысын қалпына келтіру және көптеген ауруларды емдеу.
Су асты душ-массажы перифериялық қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануымен күреседі, науқастың жағдайын жақсартады, нерв жүйесін тыныштандырады, жарақаттан соң физикалық оңалтады, салмақты азайтуға көмектеседі.
Көрсетілімдері:
- сүйек-бұлшықет тіндерінің аурулары;
- бұзылған нерв жүйесі;
- І деңгейдегі гипертония;
- жүрек, қантамыр жүйесінің проблемалары;
- сіңір және буын жұмысының тұрақсыздығы;
- ағзадағы алмасу процестерінің бұзылуы;
- жарақаттан соң қалпына келтіру.
Жалпы әсер ету ем-шарасының ұзақтығы 15-30 минутты құрайды. Емдеу курсына 8-10 реттен бастап 15-20 ретке дейін ем-шара тағайындайды, олар күн сайын немесе күнара қолданылады. Су температурасы 35-36 градустан аспауы, атмосфералық қысым 1,5-тен 3-ке дейін болуы тиіс.