ҚР ПІБ МО «ALMATY RESORT» ШИПАЖАЙЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Шара аясында шипажай қонақтары мен қызметкерлер ғимарат алдына жиналып, алдымен дене жаттығуларын жасады. Жай жаттығу емес, емдік денешынықтыру және тыныс алу гимнастикасы өткізілді. Одан кейін шипажайдың арнайы мамандары (кардиолог, реабилитолог, невропатолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, физиотерапевт, диетолог-нутрицолог) кеңес беруге отырды. Біреулер глюкоза мөлшерін біліп алайын деп қан тапсырып жатты. Енді бір адамдар қан қысымын өлшетіп, тағы біразы салмақтарын ғана өлшетіп қоймай, әр дәрігерге барып, әртүрлі пайдалы кеңес алды.
Дүниежүзілік денсаулық күні құтты болсын! Деніміз сау болсын!