Бұл тәсіл адам алған жарақатынан басқа денедегі кез келген мүшедегі өзгеріс әдеткі жұмысының ұзақ уақыт бұзылуының кесірінен болады деген тұжырымға негізделген. Оны қалпына келтіру үшін нақты биологиялық белсенді нүктелерге мақсатты түрде әсер ету керек. Ине рефлекс терапиясы тәсілінің әр мүшеге және ауруға деген нақты нүктелері бар.
Ине рефлекс терапиясы мынадай ауруларға қолданылады:
- Жүйке жүйелері (әсіресе остехондроз болғанда, сал ауруы)
- Ас қорыту мүшелері
- Жүрек және қантамыр аурулары
- Бүйрек
- Тірек-қимыл аппараты (буын, сіңір және т.б)
Ине рефлекс терапиясы желке, арқа және буын, инсульт пен инфаркт алғаннан кейін жүйке тозғанда, шорбуын (сарысу толып қалу), бауырдың шаншуы, артериялық қан қысымын тұрақтандыру және тағы басқа ауруларға пайдалы. Акупунктура көбінесе медикаментозды терапиямен бірге тағайындалады. Бірақ аллергиясы және т.б. ағзада қолдануға қарсылығы болса, онда негізгі емдеу болып қарастырылады.
Тез әрі бірден жазылу үшін ауру асқынбай тұрғанда емдесе нәтижелі болады. Ине рефлекс терапиясының анальгезді тиімділігі бар, сонымен бірге иммунитетті жақсартып, өзіңізді тәуір сезіне бастайсыз.
Емдеудің бұл тәсілі дене мүшелерінің жұмысы мен ағза жүйесін қалпына келтіруге арналған. Қан айналымын жақсартады.
Инемен емдеудің зияны өте аз. Асқынған ауруы бар адамды, жүкті әйелді, ОРВИ белгісі бар науқасты және онкологиялық аурулары бар адамдарды инемен емдеуден қашық болған жөн. Ине рефлекс терапиясының кері әсері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
- Рефлексотерапевт дәрігердің біліктілігінің төмен болуы
- Стерилденбеген инені пайдалану
«Almaty Resort» шипажайында алаңсыз ине салдыруға болады. Қытайдан келген жоғары санатты инетерапевт Бай Хунның жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар. Оған тек Алматы емес, еліміздің түпкір-түпкірінен емделуге келеді.