«Almaty Resort» шипажайы қызметкерлері соғыс ардагерлерін жыл сайын кезек-кезекпен шипажайға жатқызып, емдеп, денсаулықтарын жақсартып, көңіл-күйлерін көтеріп жібереді. Тіпті тісі ауырып қалса да, шипажай дәрігерлері үйіне барып немесе әкеліп, емдеп жібереді.
«Almaty Resort» шипажайының директоры Гүлжанат Бұғыбаева және кәсіподақ ұйымының қызметкері Жұпар Раздықова 2014 жылдан бері ардагерлердің күйін күйттеп, қамын ойлап жүгіріп жүреді. Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні алдында үй-үйді аралап, әрқайсысына конвертке салған қомақты ақша, дорба тола азық-түлік апарып береді.
Биыл да әдеттен жаңылмай, ақсақалдарымыздың үйіне барды.
1925 жылы туған Владимир Белозерев пен ол кісіден бір-ақ жасы кіші, яки тоқсан сегіздегі қария Анатолий Поповтың да үйіне барып, сыйлығын беріп, әңгімелесіп-қауқылдасып, мәз қылып қайтты.
Бәріміз ардақ тұтар азғана ардагеріміз аман болсын!