Биенің табиғи сүті сиыр сүтіне қарағанда адам ағзасы үшін биологиялық толыққанды болып саналады.
Бір күндік қымыздың құрамында 1% пайызға дейінгі алкоголь бар, екі күндік қымызда — 1,75% пайызға дейінгі, ал үш күндікте — 2,5% пайызға дейін және жоғары алкоголь бар.
Қымыздың құрамындағы С дәрумені иммунитетті көтереді және ағзаны қорғау қызметін күшейтеді.
Кальций мен фосфордың сүйек пен тіске пайдасы мол.
Көшпенділер сусыны әйелдердің терісін жасартып, ер адамдардың денсаулығын, күш-қуатын арттырады.
Қымызбен емдеу - Almaty resort шипажайының дәстүріне айналған. Күнделікті таңғы және түскі ас аралығында биенің балғын сүтінің дәмін татып тұруға болады. Қымызды Алматы облысының фермерлерінен арнайы алдырады. Демалушылар күніне 50 литр пайдалы сусынды ішіп сергек жүреді.