Басты бетМИНЕРАЛДЫ СУ – СІЗДІҢ РИЯСЫЗ КҮЛУІҢІЗГЕ СЕБЕП!

МИНЕРАЛДЫ СУ – СІЗДІҢ РИЯСЫЗ КҮЛУІҢІЗГЕ СЕБЕП!

slide 1 of 3

Минералды су - Almaty Resort-тың басты табиғи қайнар бұлағы. Оның қайталанбас емдік қасиеттері көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Нақтырақ айтсақ, минералды судың құрамындағы табиғи йод пен кремний қышқылы -  ауруды басады, ісіну мен қышынуды, қабынуды қойдырады, метаболизмді жақсартады және ағзаңызға мол нәр береді.

Біздің мамандар суды пайдаланудың әртүрлі әдісін ұсынады. Мысалы, ауыз қуысының проблемаларын жою үшін қызыл иекті минералды сумен шаю  аса пайдалы.

Бұл процедура барысында қызыл иекке микромассаж жасалады және ауыз қуысындағы микроорганизмдерді механикалық жолмен тазалайды. Әдетте бұл емделу жолын қашан өткізген дұрыс:

- ауыз қуысын тазартқаннан кейін,

- тіс тасын алып тастағаннан кейін,

- кариозды тістерді емдегеннен соң немесе суырып тастағаннан кейін.

Одан бөлек 1-інші және 2-інші дәрежелі пародонт ауруы, гингивит және қызыл иек қанай берген жағдайда да осы ем-шара жақсы көмектеседі.

Қосымша ақпарат, бұл ем түрін күн сайын және 10 күн қатарынан қабылдауды ұсынамыз. Процедура ұзақ емес, тек бірнеше минут қана уақытыңызды алады. Курс жолдама ақысына кіреді және оны дәрігер тағайындайды.

Қосымша ақпарат алу және курсқа жазылу үшін мына нөмірге қоңырау шалыңыз: +7 (727) 300 35 00