Басты бетШИПАЖАЙДА ЖАҢА ЕМШАРА: СҰЛУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ПРЕССОТЕРАПИЯ

ШИПАЖАЙДА ЖАҢА ЕМШАРА: СҰЛУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ПРЕССОТЕРАПИЯ

ШИПАЖАЙДА ЖАҢА ЕМШАРА: СҰЛУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ПРЕССОТЕРАПИЯ ШИПАЖАЙДА ЖАҢА ЕМШАРА: СҰЛУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ПРЕССОТЕРАПИЯ ШИПАЖАЙДА ЖАҢА ЕМШАРА: СҰЛУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ПРЕССОТЕРАПИЯ

Біздің шипажайда әдемі мүсінге арналған жаңа емшара іске қосылды. Бұл қысылған ауамен жасалатын аппараттық массаж. Лимфодренаж немесе пневмомассаж деп те аталатын бұл процедура салмақты азайтуға, целлюлиттен арылуға және тері тонусын жақсартуға көмектеседі.

Ол бүкіл денеге немесе дененің жекелеген бөліктеріне: қолдарға, аяқтарға, белге, ішке жақсы әсер етеді және емделуші емшара барысында максималды релаксация сезіміне ие болады.

Прессотерапия жарақаттан кейін, инсульттан кейін, операциядан кейін, буын ауруларында жиі тағайындалады. Зерттеулер бойынша, бір сеанс мануалды әсер етудің бірнеше процедурасына немесе спортзалдағы 2 жаттығуға тең келеді. Бұл әдіс отырып жұмыс істейтін, артық салмағы бар және дұрыс тамақтанбайтын адамдар үшін өте қолайлы.

Пневмомассаж лимфа ағынын жеделдетіп, патологиялардың алдын алады. Импульсті әсер қан айналымы мен жасуша деңгейіндегі зат алмасу процесін белсендіреді. Барлық тіндер мен ағзалар көп мөлшерде оттегі мен қоректік заттар алады. Маңызды функциялар қалпына келеді. Шаршау басылып, қозғалыс жеңілдейді. Емделушілер көңіл-күйдің жақсаруын, жалпы тонустың артуын және күш-қуаттың толысуын жиі байқайды. Прессотерапия курсы стресті азайтып, иммунитетті көтереді.

Қолдарға әсері: емшара лимфа және қан айналымын ынталандыруға бағытталған. Сеанстардың арқасында салмақ азайып, тері тартылып, тегістеледі. Массаж жасау үшін ұзын жең-манжеттер қолданылады.

Аяққа әсері: прессотерапия варикоздың алдын алуға және оның бастапқы кезеңдерінде емдеуге мүмкіндік береді. Ол жамбас көлемі үлкен, аяқтары ісіп жүрген науқастарға тағайындалады. Тіпті 3-ші дәрежедегі целлюлит, салбыраңқы теріге тиімді. Қан тамырларын нығайтып, олардың тонусын арттырады. Процедурадан кейін аяқтарда жеңілдік сезіліп, шаршау басылады.

Денеге әсері: бүкіл денеге арналған бағдарлама бөкселердегі целлюлиттен арылуға, іштің артық май қабаттарынан құтылуға көмектеседі. Ісінуді, шаршауды жояды, терінің сыртқы келбетін жақсартады. Сонымен қатар, күшті терапевтік әсер береді – иммунитет пен стресске төзімділік артады.

Толық ақпарат пен курсқа жазылу үшін келесі телефон нөміріне хабарласа аласыз: +7 (727) 300 35 00