Басты бет«ALMATY RESORT» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ALMATY RESORT» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ALMATY RESORT»  ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ «ALMATY RESORT»  ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ «ALMATY RESORT»  ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ «ALMATY RESORT»  ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ «ALMATY RESORT»  ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Almaty Resort»  басшылығы мен ұжымы соғыс ардагерлеінің шаңырағына барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады. Қан қысымын өлшеп, денсаулығына тексерді. Жасына қарамастан, ардагерлер сергек, санасы айқын. Әңгімелері тарихтың шежіресіндей

Николай Таратунин: сұрапыл сынақтар

Ардагерлердің ішіндегі ең жасы үлкені Николай Таратунин биыл 101 жасқа толды. Өкінішке қарай, соңғы уақытта төсек тартып қалатын болып жүр, соған қарамастан қонақ келсе қуанады. Николай Александровичтің тағдыры сұрапыл сынақтарға толы – ол өмір мен өлім арасына бірнеше рет тап болды. Ардагер Батыс майданға, Сталинград және екінші Украина майдандарында шайқасқа қатысып, үш рет жараланды.

Барлау қызметінде жау тылында бірнеше рет тапсырма орындады. 20 жасында Николай ауыр жарақат алды. Ажалым келді деп ойлады сыз басқан жертөледе жатып. Бірақ таң атқанда, олоны өлдіге балап жерлеуге дайындалып жатқанда, кенеттен көзін ашты. Содан бері ардагер әр күнге алғыс айтып өмір сүретін болды.

Соғыстан кейін Николай Таратунин Алматы шекара училищесіне түсіп, сәтті бітіріп, Түркия, Иран, Қытай және Жапония шекараларында қызметін жалғастырды. Сол жылдары І дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, Құрмет орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.

 

Василий Зинченко: ақынжанды барлаушы

Василий Зинченко биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол 1941 жылы, 17 жасында майданға аттанған-ды. Жас жауынгердің түріне қалап әлі балаң деуге болатын.  Сол үшін оны барлаушылар мектебіне жіберді.

Василий Зинченко соғыстың негізгі шайқастарынан барлаушы бола жүріп өтті. Сталинградты, Украинаны, Польшаны азат ету және Берлинге шабуыл жасау, бәрінен аман шықты. Тұтқынға алынған фельдмаршал Фридрих Паулюсті алып жұргендердің сапында болды. 

Соғыс аяқталғаннан кейін Алматыға оралып, он жылдан астам уақыт жергілікті сүт зауытында жұмыс істеді. Жұбайымен бірге үш ұл мен қызды тәрбиеледі. Бүгінде ардагердің жеті немересі ен 14 шөбересі бар.

Жеңіске қосқан үлесі үшін Василий Зинченко Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сондай-ақ «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. Ардагердң қарапайымдылығы қонақтарды таңғалдырды. Соғыс туралы әңгімелердің орнына ол Некрасовтың өлеңдерін оқып, тәнті етті.

 

Владимир Белозеров: вальс ырғағында

Биылғы жылы 99 жасқа толған Владимир Белозеровтың тағдыры да қилы-қилы қиындыққа толы. Шымкентте туып-өскен ол Украина жерінде майданға кіріп,, 3-ші Украина майданының құрамында соғысты, Днепрді азат ету кезінде жарақат алды. Ерлігі үшін «Отан соғысы», «Қызыл Ту» және «Ленин» ордендерімен марапатталған.

«Ленин» орденімен Кеңес Одағы кезінде ерен еңбегі үшін, аудандық комитеттердің, облыстық комитеттердің хатшылары  сынды жоғары лауазымды адамдар марапатталатын. Мен Алматы құрылыс материалдары комбинаты цехының бастығы болып жұмыс істедім. Кішкентай адаммын, соған қарамастан «Ленин» орденімен марапаттады, бұл бұрын-соңды болмаған жағдай»- дейді ақсақал.

Владимир Дмитриевич ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті. Онысы күнделікті жаттығу, табиғи тамақтану және таза ауа. Қарияның командасымен «Almaty Resort» командасы жаттығу жасады. Одан соң Белозеров қызметкерлерді вальске шақырып, шыр айнала билеп, өзінің күш-қуатымен таңғалдырды.

 

Александр Журавлев: өмірге деген құштарлық

Александр Журавлев те 99 жасқа келді. Ол өзінің әскери қызметін барлаушы болып бастаған. Берлин мен Прагадағы шайқастарға қатысқан.Жауынгерлік еңбегі мен жеңіске қосқан үлесі үшін Құрмет орденімен, Жауынгерлік еңбегі үшін, Берлинді алғаны үшін, Праганы азат еткені үшін медальдармен және мерейтойлық наградалармен марапатталған. Қонақтар келгеніне қуанған ақсақал жылы қабылдады, сүйікті мерекелік шапанын киді.

Журавлев өзінің еңбегі туралы емес, өзі Машенька деп еркелете атайтын жұбайы туралы айтуды жөн көреді.

«Мен әйелімнің арқасында өмір сүріп келемін», – дейді ардагер күлімсіреп. Ерлі-зайыптылар әлі де белсенді өмір салтын ұстанады: бірге тамақ дайпісіреді, серуендейді және немерелеріне көмектеседі.

Ардагерлердің әрқайсысы – көзі тірі аңыз, ерліктің, табандылықтың және Отанға деген адалдықтың символы. Шипажай қызметкерлері мұндай кездесулер ардагерлерге қуаныш сыйлап қана қоймай, өздеріне де шабыт беретінін айтады.

«Біз өз кейіпкерлерімізді мақтан тұтамыз, олардың өмір жолы баршамызға үлгі. Ардагерлерге зор денсаулық, күш-қайрат және ұзақ өмір тілейміз. Біз оларды қолдауға әрқашан дайынбыз», - деп атап өтті «Almaty Resort» шипажайының директоры Гүлжанат Бұғыбаева.