Біздің бүгінгі кейіпкеріміз қытай медицинасының дәрігері, "Almaty Resort" шипажайының сертификатталған ине салушы маманы Бай Хун. ҚХР тумасы шипажайда 10 жылдан бері қызмет етеді. Ол остеохондроз, протрузия, грыжа, жүйке жүйесінің қабынуы, неврит, ұйқысыздық, күйзеліс, иммунитеттің төмендеуі бар науқастарға көмек қолын созып жүр. Бұл Бай Хунның ем көрсететін аурулардың толық тізімі емес. Алғашқы консультацияда ол жүрек соғу жиілігін тексеріп, диагностикалайды, сондай-ақ, әр науқасқа жеке сауықтыру жоспарын дайындайды. Бірегей әдістерге жүгінетін дәрігер ине қою, электропунктура, вакуумдық банкаларды пайдаланады. Олардың барлығы қауіпсіз және жанама әсерлері жоқ.
Әңгіме барысында біздің кейіпкеріміз дамыл таппады, бір пациенттен екіншісіне ауысып, ұсыныстар беріп, жаңа процедураларды бастап та үлгеріп жатыр. Қабылдауында тізе ауруымен келген ер адам және мигренмен ауыратын әйел бар. Ал, дәлізде оны сөйлеуі кешеуілдеген 2 жасар баланың ата-анасы күтіп отыр еді.
- Мен орыс тілінде нашар сөйлеймін, кешіріңіз. Бұл пициенттің остеохондрозы бар және тізесі ауырады, оған бес емдеу кезеңі қажет, — деді дәрігер науқастың мойнына, омыртқасына және сегізкөзіне инелер қойып жатып. "Бұл қауіпсіз, өйткені барлық инелер бір реттік", — дейді ол мигреньмен ауыратын әйелге жақындап.
— «Ауырмады ба? Шын айтасыз ба?»
Дәрігер оның емдік әдістері қанды сұйылтуға көмектесетінін айтты, бұл әсіресе бас ауруы үшін маңызды. Ине қоюдан басқа, ол электропунктура аппаратын қолданады.
- Бұл ток. Құрылғы 15-20 минут жұмыс істейді, жылу жіберіп, қанды сұйылтады.
Балалармен жұмыс
Дәрігер Бай ересектермен ғана емес, балалармен де жұмыс істейді. Дәлізде оны 2 жасар баланың әкесі күтіп тұрды, балақай әлі сөйлей алмайды. Дәрігер епті қозғалыстармен инені бас терісінің бойымен жүргізді. Процедура бірнеше секундқа ғана созылды, ал нәресте не болғанын түсінбеді де. - Бұл отбасындағы жалғыз бала, сондықтан ата-анасы алаңдайды. Мен оларға бала тезірек сөйлеу үшін үйде ән айтып, өлең оқуды ұсындым, - дейді ол.
Әдістердің танымалдығы
Бай Хунға тек Қазақстаннан ғана емес, көрші елдер - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан науқастар келеді. Сонымен қатар, дәрігер оның емдеу әдістері дәстүрлі медицинамен үйлесетінін атап өтті.
- Біреуі екіншісіне кедергі жасамайды. Мен бір емдеу кезеңінде барлық ағзаны қамтуға тырысамын және шприцпен шағын-хиджаманы қоса алғанда, ең көп техниканы қолдануға тырысамын.
- Қан қысымы, тізе ауруы, мойын, омыртқа остеохондрозы - мен жалпы ағзамен жұмыс істеймін.
Отбасы және жұмыс
Бай Хун Қазақстанда тұрады, бірақ оның отбасы Қытайда.
— Қазір визасыз режим, сондықтан мен туыстарыма жылына 2-3 рет бара аламын, — дейді ол. Отбасынан бөлек тұрып жатса да дәрігер жүздеген пациенттерді емдеп, қазақстандық мамандар үшін тәжірибесімен бөлісуде.
- Бұл менің жұмысым, мақсатым адамдарға көмектесу, - дейді ол.
Ине терапиясына жазылу үшін + 7 (727) 300 35 00 нөміріне хабарласуға болады