Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсанда шипажайда балалар арасында жүзуден қызықты әрі тартысқа толы «Almaty Resort Pool жабық біріншілігі» өтті.
Жас жүзушілер 25 және 50 метрге еркін жүзуден өз шеберліктерін көрсетті. Жарысқа "Aquateam", "Рыбки" және "Eastern Stars" спорт клубтарынан 100-ге жуық талантты бала қатысты. Тартысқа толы жарыста балалар барын салды.
Шара келушілерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жарыс жеңімпаздары медальдармен, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысқан жас бүлдіршіндер жүзуден тәжирибе жинап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
Вячеслав Репняков, "Eastern stars" СК жаттықтырушысы: "Барлық балалар керемет нәтиже көрсетті. «Almaty Resort» шипажайында одан да ауқымды жарыстар өтеді деп үміттенеміз. Біз басқа мықты командалармен сайысуға дайынбыз, лайықты бәсекелес бола аламыз. Біздің балалар қалалық және республикалық жарыстарға қатысатын болады".