
Шипажайға баруды жоспарлап жүрсіз, бірақ маңызды нәрсені ұмыт қалдырамын деп ойлайсыз ба? Біз сізге дайындықты жеңілдету үшін ыңғайлы жадынама дайындадық. Жол жүрер алдында бір қарап, жол сөмкеңізді тексеріңіз.
1. Бөлмеге арналған заттар
• Ыңғайлы киім және демалуға арналған аяқ киім.
• Жеке күтім құралдары.
• Жеке гаджеттер мен қуаттағыштар.
• Оқуға арналған кітап немесе планшет. Егер сіз кітапты ұмытып кетсеңіз, біздің шипажайда кітапханаға баруға болады.
2. Процедураларды қабылдауға арналған заттар
• Суға түсуге арналған киім, қалпақ.
• Спорттық киім (егер фитнес бағдарламалары жоспарланған болса).
3. Экскурсиялар мен кешкі демалыстарға арналған заттар
• Серуендеуге ыңғайлы киім.
• Жүруге ыңғайлы аяқ киім.
•Заттарға арналған рюкзак немесе сөмке.
• Бас киім және күннен қорғайтын крем.
• Кешкі асқа немесе іс-шараларға арналған киім.
Әртүрлі маусымға байланысты ерекшеліктер
Жыл мезгіліне қарай:
• Жаз: жеңіл киім, күннен қорғайтын көзілдірік.
• Күз: жаңбыр жамылғысы, ыңғайлы жабық бәтеңке.
• Қыс: жылы киімдер, термалды іш киім, бас киім және шарф.
• Көктем: жеңіл күрте, құбылмалы ауа-райында серуендеуге арналған аяқ киім.
Алаңсыз демалыңыз! "Almaty Resort" шипажайы Сіздерді қуана күтеді! Сізге мына телефон бойынша толығырақ кеңес беріледі: +7 (700) 057 45 03