Басты бетҚОНАҚТАРЫМЫЗ БЕН ЖАЗУШЫ БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИННІҢ КЕЗДЕСУІ

ҚОНАҚТАРЫМЫЗ БЕН ЖАЗУШЫ БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИННІҢ КЕЗДЕСУІ

ҚОНАҚТАРЫМЫЗ БЕН ЖАЗУШЫ БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИННІҢ КЕЗДЕСУІ

6 ақпанда "Almaty Resort" шипажайының қонақтары "Ұлы көш" және "Түрме" кітаптарының авторы,жазушы және журналист Бигелді Ғабдуллинмен кездесті.

Кездесу барысында ол өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, сөз құдіреті, тарихи жады және заманауи сын-қатерлер туралы ойларымен бөлісті.

Қонақтар сұрақтар қойып, автордың көрнекті шығармаларын талқылап, тарих пен әдебиет әлеміне сапар шекті.

Бигелді Ғабдуллин - белгілі журналист, "Жаңа ұрпақ", "ХХІ ғасыр", Central Asia Monitor республикалық басылымдарының бас редакторы және негізін қалаушы, сондай-ақ Қазақ ПЕН-клубының президенті.

Іс-шара шағын форматта жылы әрі әсерлі өтті.