Басты бетЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН МЕМОРАНДУМ

Бүгін "Оқжетпес Алматы" ЛОК" АҚ филиалы мен Еуразиялық технологиялық университет ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім аясында ЕТУ студенттері өңірдегі жетекші шипажайлардың бірінде тәжірибеден өте алады.

Осылайша, "Туризм", "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Менеджмент", "Есеп және аудит" және "Ақпараттық жүйелер" бағыты бойынша оқитын студенттер кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін игеріп, нақты индустриядағы құнды тәжірибеге қол жеткізеді. Сондай-ақ, білім мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуды үйренеді.

Тиісті келісімге "Оқжетпес Алматы" ЛОК" АҚ филиалының директоры Бұғыбаева Гүлжанат Аманжолқызы және "Экономикалық-құқықтық технологиялар және қызмет көрсету саласы" мектебінің деканы Бақыт Ерік Бақытұлы қол қойды.

Бұл қадам студенттердің дамуына жол ашады деп сенеміз.

Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерін көруге асықпыз!