
Біздің шипажайда бүкіл отбасы мүшелерінің демалуына қолайлы жағдай жасалған. Кішкентай қонақтар үшін таза ауада орналасқан үлкен ойын алаңы бар. Сырғанайтын төбешіктер, әткеншектер орнатылған. Ойын мен шығармашылық үшін жайлы кеңістікке айналған балалар бөлмесі жаңартылғанын қуана хабарлаймыз!
Енді балалар бірге көңілді уақыт өткізіп, жаңа достар таба алады. Ал ол уақытта ата-аналар ем-шара қабылдап, алаңсыз сауықтыру шараларынан өте алады.
Шипажай – ересектерге де, ең кішкентай қонақтар үшін де қолайлы әрі шаттыққа толы мекен.