



«Almaty Resort» шипажайында жамбас қуысы бұлшықеттерін күшейтуге бағытталған инновациялық процедура — «Кегель тағы» іске қосылды. Бұл — арнайы креслода отырып жасалатын, инвазивті емес әдіс. Бір сеанс барысында жоғары қарқынды электромагниттік импульстар бұлшықеттердің 11 000 рет терең жиырылуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілімдер:
• несеп және нәжіс ұстай алмау;
• жамбас қуысы ағзаларының төмен түсуі;
• босанғаннан немесе отадан кейінгі қалпына келу;
• простатит, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция;
• интимдік бұлшықеттердің әлсіздігі, өмір сүру сапасының төмендеуі.
Қарсы көрсетілімдер:
• жүктілік;
• кардиостимулятордың немесе денеде металл импланттардың болуы;
• онкологиялық аурулар;
• ағзадағы жедел қабыну процестері.
Процедура жеңіл және ауырсынусыз өтеді. Жаңа әдіс қазірдің өзінде «Almaty Resort» шипажайының барлық қонақтарына қолжетімді.
Тіркелу үшін байланыс телефондары: +7 (727) 300 35 00