Басты бетФизиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері

Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері

Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері Физиотерапиялық процедураларды қабылдау ережелері

Физиотерапия — емдеу мен қалпына келтірудің маңызды бөлігі, ол белгілі бір ережелерді сақтауды талап етеді. Процедура  барынша тиімді болуы үшін қарапайым әрі маңызды қағидаларды ұстанған жөн.

Процедураға дайындық

Ең алдымен, физиотерапиялық процедураларға белгіленген күні, дәл уақытында келу өте маңызды. Процедураны өткізіп алу емдеу нәтижесінің төмендеуіне және қалпына келудің баяулауына әкелуі мүмкін. Әрбір сеанс басталар алдында медбикеге өзіңіздің хал-жайыңыз туралы міндетті түрде хабарлау керек— тіпті жеңіл жайсыздық, әлсіздік немесе дене қызуының көтерілуі емдеу жоспарына өзгеріс енгізуге себеп болуы мүмкін.

Физиотерапиялық процедураларды аш қарынға немесе қатты тойып алғанннан кейін бірден жасауға болмайды. Ең қолайлы уақыт — жеңіл таңғы астан кейін немесе тамақтан кейін екі-үш сағат өткен соң қабылдауға болады. Процедураға дейін ағза 10–15 минут шамасында аздап демалу қажет, ал ем-шараны қабылдаған соң асықпай 15–30 минуттай тынығып алған жөн. Бұл уақыт процедураның түріне және өзіңіздің жағдайыңызға байланысты өзгереді.

Сеанс кезінде өзін ұстау тәртібі

Ем-шаралар кезінде ыңғайлы қалыпта отырып, сабыр сақтап, көңілді басқа нәрсеге бөлмеу қажет — сөйлеспеу, кітап оқымау, әсіресе ұйықтап қалмау керек. Электржарықпен емдеу процедуралары кезінде құрылғыларға, шамдарға, батареяларға немесе құбырларға қол тигізуге, сондай-ақ өз бетіңізше дене қалпын өзгертіп, жарық көзіне жақындауға немесе алыстауға қатаң тыйым салынады. Көзді қорғайтын құралсыз жарық көзіне қарау да қауіпті.

Егер процедура кезінде немесе одан кейін әсер еткен аймақтарда жағымсыз сезім, күйдіру, жайсыздық немесе теріде өзгерістер пайда болса, бұл туралы бірден медбикеге не дәрігерге хабарлау қажет. Құралды өз бетінше өшіруге немесе электродтарды алуға болмайды.

Физиотерапия бөлімінде өзіңізге де, басқа науқастарға да кедергі келтірмеу үшін тыныштықты сақтап, ұялы телефондарды сөндіру сұралады.

Емдеу курсын аяқтау

Бес процедурадан өткеннен кейін пациент міндетті түрде физиотерапевт дәрігерге барып, емнің динамикасын бағалап, әрі қарайғы емдеу әдісін анықтауы қажет. Барлық ережелерді сақтау физиотерапия курсынан қауіпсіз, тиімді ем алуға мүмкіндік береді және ағзаның толыққанды қалпына келуін қамтамасыз етеді.