Басты бетЖұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар Жұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар Жұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар Жұмысшы мамандықтар жылы: «Almaty Resort» аспазынан дәмді идеялар

«Almaty Resort» шипажайының 23 жастағы су-шефі Нұрлан Сабыр «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» таңғы бағдарламасының қонағы болды. Жүргізушілер Нұржан Жетпісбай мен Анар Ахметпен бірге ол тікелей эфирде маусымдық көкөністер мен жемістерден пайдалы таңғы ас дайындап, омлет пен қызылша салатын ұсынды.

Нұрлан тек аспаздық шеберлігімен ғана емес, әншілік өнерімен де таңғалдырды. Ол жүргізушілерге Садраддиннің «Күз» әнінен бір шумақ орындап берді. Айта кетейік, Нұрлан шипажайда бес жылдан бері еңбек етіп келеді. Алматы технологиялық университетінде оқып жүріп, шипажай асханасында тәжірибеден өткен ол, оқу орнын бітірген соң сол жерге жұмысқа орналасады. Бас аспаздың көмекшісі ретінде қазір дұрыс тамақтану жайында өз тәжірибесімен және білімімен сенімді түрде бөлісіп жүр.

Бос уақытында Нұрлан ән айтуды ұнатады және әріптестері мен қонақтарын орындаушылық өнерімен жиі қуантады.

«Менің арманым – аспаздық жолымды жалғастырып, адамдарға дәмді әрі пайдалы тағам ұсыну. Болашақта өзімнің мейрамханамды ашып, ұлттық асханамызды жаңа қырынан көрсеткім келеді. Сонымен бірге, жүрегімде ән айтуға деген үлкен құштарлық бар. Әнші болып, өнер арқылы да адамдарға қуаныш сыйлағым келеді», — дейді  Нұрлан Сабыр.

Таңғы бағдарламаның толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

https://youtu.be/rfQ1ZpyT1AQ?si=PX0991gbaClqnSej