Басты бет«Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты

«Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты

«Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты «Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты «Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты «Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты «Инсульттен кейін өмір аяқталмайды»: Almaty Resort реабилитолог-дәрігері қалыпқа келу жолдарын айтты

Инсульт — өмірдегі ең ауыр сынақтардың бірі. Ол адамның күнделікті өмір салтын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұл аурудан кейін науқастар жиі сөйлеу, қозғалу және өзін-өзі күту дағдыларынан айырылып жатады. Денсаулық пен сенімділікті қалай қайта қалпына келтіруге болады? Бұл туралы Almaty Resort шипажайының оңалтушы маманы Аяулым Скакова айтып береді.


— Аяулым ханым, инсульттен кейін көптеген адамдар бұрынғы өміріне оралуға деген үміттерін үзеді. Оңалту қандай кезеңнен басталады?


— Ең алдымен біз науқасты невропатолог пен оңалтушы маманның қарауынан өткіземіз. Бұл — науқастың жағдайын бағалап, жекелей оңалту жоспарын жасау үшін қажет. Әр науқастың жағдайы әртүрлі: бірі тез қалпына келеді, енді біріне көбірек уақыт қажет болады.


— Almaty Resort шипажайында қандай оңалту әдістері қолданылады?


— Бізде кешенді бағдарлама қарастырылған. Оған физиотерапия, су процедуралары, жылумен емдеу, емдік дене шынықтыру, механотерапия және эрготерапиясы кіреді. Сонымен қатар, қосымша ақылы түрде ине салу терапиясы мен массаж қызметтері бар. Міндетті түрде терренкурды ұсынамыз — бұл арнайы денсаулыққа пайдалы бағыттармен таза ауада серуендеу.


— Әдістердің түр-түрін қолдану неге маңызды?


— Өйткені инсульт ағзаның бірнеше қызметін қатар зақымдайды. Тек қана емдік дене жаттығуларымен шектелуге болмайды. Физиотерапияны, бұлшық етпен жұмысты, күнделікті дағдыларды қалпына келтіру жаттығуларын бірге қолдану қажет. Сонда ғана оңалту жылдам жүреді. Бірнеше аптадан соң науқастар өздері де байқайды: қимылдары сенімді бола бастайды, сөйлеу қабілеті жақсарады, күш-қуат оралады.


— Науқастар толыққанды өмірге қайта орала ала ма?


— Әрине. Инсульттен кейін өмір бітпейді. Дұрыс оңалту шаралары арқылы адам қайтадан белсенді өмір сүріп, адамдармен араласып, өмірден ләззат ала алады. Ең бастысы — оңалтуды кешіктірмей бастап, мамандарға сенім арту қажет.