Шипажайға тек емделу үшін ғана емес, дені сау адамдарға да бару пайдалы. Кем дегенде жылына бір рет күнделікті күйбең тірлікті тастап, күш-қуатты қалпына келтіріп, иммунитетті нығайтып, шаршау мен күйзеліс әсерінен жиі пайда болатын аурулардың алдын алған жөн.
1. Алдын алу – ең тиімді ем
«Almaty Resort» санаторийі заманауи емдеу-диагностикалық базамен жабдықталған: 9 сауықтыру бағдарламасы, 130-дан астам медициналық құрал-жабдық және 140-тан аса түрлі процедура бар. Әрбір қонақ үшін дәрігерлер денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған жеке бағдарлама әзірлейді.
2. Ағзаның ресурстарын қалпына келтіру
Шипажай тірек-қимыл, жүрек-қан тамыр, жүйке, эндокриндік және басқа да жүйелердің ауруларын емдеу мен оңалтуға маманданған.
Мұнда балнеотерапия, балшықпен емдеу, аппараттық терапия, ингаляция, минералды суды ішу және операциядан кейінгі қалпына келтіру бағдарламалары қолданылады.
3. Табиғат пен климаттың күші
«Almaty Resort» табиғи ресурстар мен заманауи технологиялардың үйлесімін ұсынады.
3000 метр тереңдіктен алынатын минералды су табиғи йодқа бай және 36 °C температурада емдік ванналарға беріледі.
Балшықпен емдеу қан айналымын жақсартады, қабынуды басады және иммунитетті күшейтеді.
Курорт Іле Алатауының баурайында, экологиялық таза аймақта орналасқан. Қылқан жапырақты ағаштар мен серуен жолдары тыныс алу жүйесіне оң әсер етеді.
Дәрігерлер санаторийге жылына 1–2 рет, көктем мен күз мезгілдерінде баруды ұсынады – бұл кезең ағзаны нығайту мен бейімделу үшін ең қолайлы уақыт.
Демалысыңызды қазір жоспарлаңыз: +7 727 300 34 00