Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді. Бұл күн инсулинді ойлап тапқандардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Фредерик Бантингтің туған күнімен орайластырылған.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректеріне сәйкес, бүгінде әлемде шамамен 537 миллион адам диабетпен ауырады. Сарапшылар дертті тудыратын негізгі факторлар ретінде дұрыс тамақтанбау, аз қимыл,, артық салмақ пен тұқым қуалаушылықты атап өтеді.
Қазақстанда да сусамыр диагнозы қойылған адамдар саны артып келеді: өткен жылы диспансерлік есепте 480 мың пациент тұрса, қазір олардың саны 535 мыңнан асқан. Оның ішінде 5,5 мың бала бар.
Аурудың алдын алудың маңызы мен қазіргі емдеу тәсілдері туралы «Еуразия бірінші арнасы» таңғы бағдарламасының тікелей эфирінде «Almaty Resort» шипажайының жоғары санатты эндокринолог дәрігері Дильбара Жақсыбекқызы Досалиева айтып берді.
Таңғы бағдарламаның толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз: