Басты бетШипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді

Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді

Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді Шипажайдағы демалыс теңіз курортынан кем түспейді

Көпшілік, теңіз жағасындағы демалыс ұзаққа созылған шаршаудан кейін қалыпқа келуге көмектеседі деп ойлайды. Бір сәт ой жүгіртіп көрейік:  теңіз ауасы мен тұзды су соншалықты шипалы ма, әлде денсаулықты қалпына келтірудің одан да тиімді жолдары бар ма? Шындығында денсаулыққа әлдеқайда пайдалысы — ол шипажайдағы демалыс. Төменде «Almaty Resort» шипажайын мысалға келтіре отырып, теңіз бен санаторийдің тиімділігіне шынайы талдау ұсынамыз.

Теңіз не береді

Теңіз жағасындағы таза ауа йод пен тұз иондарына бай, бұл тыныс жолдары ауруы бар адамдардың жеңіл тыныс алуына көмектеседі. Тұзды суда шомылу бұлшықеттерді босаңсытып, қан айналымын жақсартады. Күн сәулесі D дәруменінің түзілуін күшейтіп, сүйектер мен иммунитеттің жағдайын жақсартады.

Алайда теңіз жағасындағы демалыстың да шектеулері бар. Көп мөлшердегі ультракүлгін сәулелер коллагенді бұзып, терінің ерте қартаюын тездетеді. Ыстық ауа райы жүрек пен қан тамырларына қосымша салмақ түсіреді, әсіресе қан қысымы жоғары адамдар үшін бұл қауіпті. Көптеген адамдарға жаңа климатқа бейімделу үшін жеті–он күн қажет, ал егер демалыс небәрі бір апта болса, организм енді бейімделе бастағанда-ақ кері қайтуға тура келеді.

Шипажай неге тиімді?

Шипажайдағы демалыс емдік климат пен кәсіби процедуралардың үйлесімі арқасында алғашқы күндерден-ақ әсер ете бастайды. Мысалы, «Almaty Resort» аумағындағы қарағайлы орман фитонцидтерге — өкпені тазартып, қабынуды азайтып, зиянды бактериялардың өсуін тежейтін табиғи антиоксиданттарға бай. Мұндай ауа тыныс жолдары үшін жұмсақ әрі жайлы, тіпті теңіз ылғалдылығы немесе тұзды желден өзін жайсыз сезінетін адамдарға да қолайлы.

Шипажайдың басты артықшылығы — жеке тәсіл. Теңіздегі әсер «болса — болар» қағидасымен жүрсе, шипажайда бағдарлама әр адамның қажеттілігіне қарай жасалады. Бел ауырса — массаж, емдік дене шынықтыру және балшықпен емдеу тағайындалады. Иммунитетті күшейту қажет болса — бальнеотерапия, балшықпен емдеу және минералды сулар қолданылады. Созылмалы күйзеліс кезінде — физиотерапия мен СПА процедуралары жүйке жүйесін қалпына келтіруге көмектеседі.

Судағы емдік әдістер де ерекше маңызға ие. Теңізден айырмашылығы, мұнда су тек тұздың арқасында ғана емес, нақты емдік әсерімен қолданылады. Шарко душы қан айналымын жақсартып, зат алмасуды жеделдетеді және бұлшықет кернеуін төмендетеді. Жемчужные және пантовые ванналар жүйке жүйесіне әсер етіп, терең босаңсуға және күш жинауға көмектеседі.

Қорытынды

Теңіздің әсері көп. Бірақ оның әсері табиғи, бақылаусыз және кез келген адамға бірдей сәйкес келе бермейді. Ал шипажай ғылыми негізделген және қауіпсіз сауықтыру процесін қамтамасыз етеді, әрі қысқа мерзімнің ішінде нәтижесін береді. Сондықтан көп адам үшін шипажайдағы демалыс кәдімгі курорттық демалыстан әлдеқайда пайдалы.

Қосымша ақпарат пен брондау үшін байланыс телефоны: +7 (727) 300 34 00.