Басты бет«Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды

«Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды

«Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды «Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды «Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды «Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды «Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды «Таза Қазақстан»: Almaty Resort «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды

30 қазан күні «Оқ-Жетпес» емдік-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының базасында республикалық «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті дамыту және кешен аумағында тазалықты сақтау.

Шамамен 17 000 шаршы метр аумақты алып жатқан шипажайда абаттандыру және тазарту мақсатында сенбіліктер тұрақты түрде өткізіледі. Оларға медициналық және тамақтандыру бөлімінен бастап, хаускипинг пен маркетингке дейінгі барлық бөлімдердің қызметкерлері белсенді түрде қатысады. 2025 жылдың басынан бері үш сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шаралары шипажайдың қонақтар үшін одан әрі жайлы әрі қолайлы болуына өз үлесін қосуда.

Тазалық жұмыстары басталмас бұрын инженерлік-шаруашылық қызметінің бас инженері Есен Тұлтаев қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіп, қажетті құралдар — тырма, қолғап және қаптарды таратты. Күзгі сенбіліктердің жұмыс жоспары дәстүрге сай жүреді. Аумақты бөліп, түскен жапырақтарды жиналып, сынған бұтақтар мен құлаған ағаштардан тазартылады. Қыздар жапырақты жинаса, ер адамдар оны арнайы бөлінген орындарға тасып отырды. Ұжымдық үйлесімді жұмыстың арқасында уақыт тез өтіп, шипажай аумағы айтарлықтай көркейе түсті.

Акцияға 70 қызметкер қатысты. Сенбілік қорытындысы бойынша екі машина қоқыс шығарылды.