Басты бетАқпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені» Акционерлік Қоғамының «Алматы» филиалы (БСН 171041003124) мүлікті сату бойынша екінші электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Аукцион 2025 жылдың 25 желтоқсанында сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің «E-qazyna.kz» веб-порталында өтеді.

1. Бағаны төмендету бойынша электрондық аукционға қойылған мүлік:

Медициналық жабдықтар:

            •          Сауда: №425046 Жартылай автоматты коагулометр TS-4000, керек-жарақтарымен, 2023 ж. (Алматы қ.); Маркасы, түрі: TS-4000; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 5 437 200,00 теңге.

            •          Сауда: №425044 Электрохемилюминесценттік диагностикаға арналған автоматты анализатор Roche Cobas e 411, 2011 ж. (Алматы қ.); Маркасы, түрі: Roche Cobas e 411; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 8 750 100,00 теңге.

            •          Сауда: №425039 Микроцентрифуга SIGMA 1-15P Laborzentrifugen GmbH, 2011 ж., инв. №1222, орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: SIGMA 1-15P; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 373 500,00 теңге.

            •          Сауда: №425045 Гематологиялық анализатор Sysmex KX-21N, 2011 ж. (Алматы қ.); Маркасы, түрі: KX-21N Sysmex Corporation (Жапония); Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 1 909 200,00 теңге.

            •          Сауда: №425037 Ламинарлық бокс Biosan UVC/T-AR, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: Biosan UVC/T-AR; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 545 700,00 теңге.

            •          Сауда: №425041 Микроцентрифуга SIGMA 1-15P Laborzentrifugen GmbH, 2011 ж., инв. №1223, орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: SIGMA 1-15P; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 373 500,00 теңге.

            •          Сауда: №425048 Құрғақ ауа стерилизаторы BMT Stericell SC 111, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: BMT Stericell SC 111; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 1 732 500,00 теңге.

            •          Сауда: №425047 ПАНМЕД 1-С камерасы, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: ПАНМЕД 1-С; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 48 300,00 теңге.

            •          Сауда: №425040 Несеп анализаторы, керек-жарақтарымен, 2011 ж. (Алматы қ.); Маркасы, түрі: CL-50 HIGH TECHNOLOGY, INC (АҚШ); Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 1 190 100,00 теңге.

 

Косметологиялық жабдықтар:

            •          Сауда: №425043 Педикюр тумбасы УФО блогымен Suda, инв. №792, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: Suda; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 60 300,00 теңге.

            •          Сауда: №425042 Педикюр тумбасы УФО блогымен Suda, инв. №829, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: Suda; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 63 900,00 теңге.

            •          Сауда: №425038 Педикюр тумбасы УФО блогымен Suda, инв. №800, 2011 ж., орналасқан жері – Алматы қ.; Маркасы, түрі: Suda; Пайдалануға жарамдылығы: қанағаттанарлықсыз; Бастапқы баға – 61 800,00 теңге.

 

2. Электрондық аукционға шығарылған барлық медициналық және косметологиялық жабдықтардың орналасқан жері: Алматы қ., Бостандық ауданы, Жайлау ықшам ауданы, Әлмерек көшесі, 1/1 үй.

 

3. Әрбір мүлік бірлігі бойынша кепілдік жарна мөлшері – мүліктің бағалау құнының 15%.

 

4. Кепілдік жарнаны аудару үшін төлем деректемелері:

Төлем алушы (орыс.): АО «Информационно-учетный центр»; БСН: 050540004455.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ есепшот (IBAN/ИИК): KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX;

КНП: 171; Кбе: 16.

 

5. Бағаны төмендету қадамы – мүліктің бастапқы бағасының 5%.

 

6. Өткізу қағидалары:

 

Бағаны төмендету аукционы (17.01.2021 жылдан бастап) – бастапқы баға белгіленген қадаммен төмендетілетін және аукционда ұсынылған бағамен төлеуге бірінші болып келісім берген тұлға жеңімпаз деп танылатын сауда нысаны.

Бағаны төмендету аукционының ережелері:

            1.         аукцион басталғаннан кейін екі минут ішінде аукционға қатысушылар мүлікті сатып алуға ниет білдірмеген  жағдайда, сату объектісінің бастапқы бағасы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу Регламентіне сәйкес белгіленген қадамға төмендетіледі;

            2.         Баға төмендетілгеннен кейінгі екі минут ішінде де ешкім сатып алу ниетін білдірмесе, баға белгіленген қадаммен қайта төмендетіледі. Осы баға бойынша бірінші болып келісім білдірген қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады, ал аукцион өткен болып есептеледі;

            3.         Егер баға белгіленген ең төменгі деңгейге жетсе және ешкім сатып алу ниетін білдірмесе, аукцион өтпеген болып танылады.

 

Қатысушы біреу ғана болса және ол бастапқы немесе ағымдағы бағаны қабылдаса, аукцион өткен болып есептеледі.

Егер 17:00-де бағаны төмендету аукционы аяқталған сәтте аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда аукцион өтпеген деп есептеледі.

Әрбір сатылған мүлік бойынша аукцион нәтижелері сауда нәтижелері туралы хаттамамен рәсімделеді және сатушы мен жеңімпаз тарапынан ЭЦҚ арқылы сол күні веб-порталда қол қойылады.

Сату-сатып алу шарты веб-порталда электрондық форматта жасалып, хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей сатушы мен сатып алушының ЭЦҚ арқылы рәсімделеді.

Сатушы мен сатып алушы келісім берген жағдайда сатып алу–сату шартын жазбаша түрде жасауға да жол беріледі.

7. Өтінімдерді қабылдау – 25.12.2025 ж. сағат 09:55-ке дейін.

 

8. Мүлікті сату туралы хабарландыру «E-qazyna.kz» мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жарияланған.

 

9. Аукцион жөніндегі қосымша ақпаратты +7-705-251-22-32 телефоны арқылы алуға болады.