Басты бетШипажайдағы буындарға арналған үздік ем-шаралар

Шипажайдағы буындарға арналған үздік ем-шаралар

Шипажайдағы буындарға арналған үздік ем-шаралар

Буын аурулары кезінде пациенттерге дәрі-дәрмекпен қатар физиотерапия жиі тағайындалады. Ең жақсы нәтиже емді жүйелі толық қабылдағанда байқалады. Әсіресе, ем-шараны таза ауада, жайлы ортада, күнделікті күйбеңнен алыс жерде қабылдау тіпті тиімді. Ендеше, Almaty Resort-та буындарға арналған ең сұранысқа ие ем-шаралар қандай және олар қалай әсер етеді — соған тоқталайық.

 

Балшықпен емдеу. Емдік балшықтар қабынуға қарсы әсер береді, қан айналымын жақсартады және тіндердің қалпына келуіне ықпал етеді.

Фангопарафин. Табиғи балшық пен парафиннің үйлесімі. Мұндай жылумен емдеу буындарды терең қыздырып, ауырсынуды азайтады және қимылды жеңілдетеді.

Минералды ванналар. Бұл процедуралар бұлшықеттерді босаңсытып, зат алмасуды жақсартады және ағзаның жалпы жағдайын нығайтады. Әсіресе буынның созылмалы аурулары кезінде пайдалы.

Соққы-толқынды терапия (УВТ). Акустикалық толқындар ауру ошақтарына әсер етіп, тіндердің қалпына келуін ынталандырады және ауырсынуды азайтады.

Жеңіл, әрі тиімді әсер ету үшін магнитотерапия қолданылады. Ол микроциркуляцияны жақсартады, қабынуды төмендетеді және регенерация үдерістерін жылдамдатады.

Қосымша емдік массаж, дене шынықтыру және басқа да физиотерапиялық ем-шаралар тағайындалады — олар жалпы емнің тиімділігін арттырады.

Кешенді емду тәсілі ауру белгілерін жеңілдетіп қана қоймай, буындардың қозғалысын айтарлықтай жақсартып, пациенттердің күнделікті өмірде өзін белсенді және жайлы сезінуін қамтамасыз етеді. Біздің мамандардың бір реттік қабылдауына жазылыңыз — нәтижесін өзіңіз байқап көріңіз! Медициналық блок номері: 87273003551