Almaty Resort — эстетикалық медицина саласы үшін маңызды оқиға алаңына айналды. Қазақстан тарихында толықтай ринопластикаға арналған алғашқы конгресс осы жерде ұйымдастырылды.
Іс-шара еліміздің жетекші пластикалық хирургтарының басын қосты. Олар өздерінің клиникалық тәжірибелерімен, заманауи тәсілдерімен және мұрынды түзетуге арналған авторлық әдістемелерімен бөлісті. Түркиядан келген халықаралық сарапшылар, атап айтқанда профессор Серджан Годе, озық технологияларды таныстырып, күрделі операцияларды талдап, саланың өзекті мәселелерін талқылады.
Біздің шипажайда түрлі форматтағы іс-шараларға арналған залдар қарастырылған. Шағын дөңгелек үстелдерден бастап ауқымды конгрестерге дейін ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Шипажай қажетті барлық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Конференциялар, семинарлар және іскерлік кездесулер ұйымдастыру бойынша +7 707 605 62 70 телефон нөміріне хабарласуға болады.