Галокамера – балалардың денсаулығын нығайтып, тыныс алу жүйесін жақсартудың тиімді тәсілі. Ұсақ тұз бөлшектері араласқан ауа тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі, суық тию ауруларының алдын алуға ықпал етеді және баланың жалпы көңіл күйіне оң әсерін тигізеді. Әсіресе, жиі ЖРВИ-мен ауыратын, аллергиясы бар немесе тез шаршайтын балалар үшін мұндай процедуралар өте пайдалы.
Almaty Resort-та галокамера кішкентай емделушілерге арнайы бейімделген. Мұнда бала процедура кезінде өзін жайлы сезінуі үшін тыныш, әрі ойынға ыңғайлы атмосфера жасалған. Балалар ертегі тыңдап, шағын ойыншықтармен ойнап, демала алады. Осылайша сауықтыру шарасы барысында бала уақытын қызықты, әрі жайлы өткізеді.
Галотерапияның бірқатар қарсы көрсетілімдері бар екенін және оның барлық балаларға бірдей сәйкес келмейтінін есте ұстаған жөн. Дене қызуы жоғары болғанда, жедел инфекциялық аурулар кезінде, бронхиалды астма асқынғанда, ауыр жүрек-қан тамырлары ауруларында және тұзды аэрозольге жеке төзімсіздік болған жағдайда бұл ем-шараны алу ұсынылмайды. Процедураны бастамас бұрын міндетті түрде дәрігермен немесе маманмен кеңесу қажет.
Толық ақпарат алу үшін: +7 (727) 300 35 00