Басты бетЕкі мыңнан астам қонақ Jazz Picnic DO BE DOO 2026 фестиваліне қатысты

Екі мыңнан астам қонақ Jazz Picnic DO BE DOO 2026 фестиваліне қатысты

Екі мыңнан астам қонақ Jazz Picnic DO BE DOO 2026 фестиваліне қатысты Екі мыңнан астам қонақ Jazz Picnic DO BE DOO 2026 фестиваліне қатысты

30 мамыр күні көрікті Almaty Resort аумағында Stages джаз театры ұйымдастырған дәстүрлі Jazz Picnic DO BE DOO 2026 музыкалық open-air фестивалі өтті. Іс-шараға екі мыңнан астам қонақ жиналып, Алматыдағы жаз маусымын бірге қарсы алды.

Қонақтар ашық аспан астындағы жасыл алаңға жайғасып, жанды музыка тыңдап, тағамдардан дәм татып және мазмұнды бағдарламаны тамашалады. Қонақтар қатарында шығармашылық зиялы қауым өкілдері, танымал музыканттар, театр және кино актерлері, қоғам қайраткерлері мен джаз мәдениетінің жанкүйерлері болды.

Фестивальдің ашылуында Stages театрының актерлері Шыңғыс Қапин, Айсұлу Әзімбаева және Таня Турлай өнер көрсетті. Музыкалық бағдарлама классикалық музыкадан бастап заманауи джазға дейінгі түрлі бағыттарды қамтыды. Пианист Нұргүл Нүсіпажанова Шопен, Лист, Дебюсси, Рахманинов және Гершвин шығармаларын орындады. Кешті Stages театрының резиденттері — Jazz House ұжымы мен Ирэна Аравина жалғастырып, танымал музыкалық қойылымдардан композициялар ұсынды.

Фестивальдің шынайы сәттерінің бірі — әндері әлдеқашан Қазақстанның музыка тарихынан орын алған, аты аңызға айналған алматылық JCS тобының өнер көрсетуі болды.

Кештің хедлайнері танымал әнші Муся Тотибадзе болды. Оның концерті фестивальдің жарқын қорытындысына айналып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Ең әсерлі сәттердің бірі әншінің шақыруымен сахнаға шыққан жас қыздармен бірге «Мальчик» әнін орындауы болды.

Almaty Resort екінші жыл қатарынан Jazz Picnic DO BE DOO фестивалінің алаңына айналып, ашық аспан астындағы ауқымды мәдени іс-шараларды өткізуге арналған ең жайлы, әрі көркем орындардың бірі деген мәртебені тағы бір мәрте дәлелдеді.

Almaty Resort-тың кең аумағы, дамыған инфрақұрылымы және Іле Алатауының бөктерінде орналасуы - фестивальдер, корпоративтік іс-шаралар, концерттер, отбасылық мерекелер және кез келген форматтағы басқа да шараларды ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді.

Almaty Resort аумағында іс-шара өткізу бойынша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 707 605 62 70