Басты бет«Almaty Resort» бес жұлдызды мәртебесін растады

«Almaty Resort» бес жұлдызды мәртебесін растады

«Almaty Resort» бес жұлдызды мәртебесін растады

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының мамандары жүргізген аудиттік бағалау нәтижесінде «Almaty Resort» шипажайына бес жұлдыз санатына сәйкестік сертификаты табысталды.

Бұл сертификаттың берілуі – шипажай-курорттық кешен қонақтарына ұсынылатын қызметтердің жоғары деңгейін, қауіпсіздігін, жайлылығын және сапасын растайды. Сонымен қатар, шипажай жанындағы «Береке», «Жетісу», «Жібек жолы» және «Хан-Шатыр» мейрамханаларына жоғары санатқа сәйкестік сертификаттары берілді.