Almaty Resort шипажайында Қытай Халық Республикасындағы «Денсаулық бастауы» («Источник здоровья») шипажайының мамандары жұмысын бастады. 25 шілдеге дейін дәстүрлі қытай медицинасы саласында көп жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер пациенттерді қабылдайды.
Делегацияның жетекші маманы — Ли Вэй. Ол дәстүрлі қытай медицинасының аңыз тұлғасы ретінде танымал. Оның дәрігерлік тәжірибесі 55 жыл. Дәрігер Қытайдан тыс жерлерде де кеңінен белгілі, Ресей Федерациясының еңбек наградаларымен марапатталған және Хайнань аралындағы үздік мамандардың бірі саналады. Оның тірек-қимыл аппараты, орталық және шеткі жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары, бауыр мен өт қабы ауруларын, сондай-ақ бедеулікті емдеуде тәжірибесі мол. Өз тәжірибесінде дәстүрлі қытай медицинасының түрлі әдістерін, соның ішінде ауырсыну синдромын тиімді басуға мүмкіндік беретін ине-пышақ әдісін қолданады.
Сондай-ақ қабылдауды Ли Чуньцян дәрігер жүргізуде. Ол дәстүрлі қытай медицинасы бойынша білім мен тәжірибе тоғыз ұрпақ бойы жалғасып келе жатқан дәрігерлер әулетінде дүниеге келген. Хэйлунцзян Қытай медицинасы университетін тәмамдаған. Бұрын Харбин қалалық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған. Доктор Ли Чуньцян күрделі ауырсыну синдромдарын, мойын және бел омыртқасы ауруларын, невралгияны, ревматикалық және аутоиммундық ауруларды, ас қорыту және жүйке жүйесі бұзылыстарын, соның ішінде ұйқысыздық пен созылмалы шаршау синдромын емдеуге маманданған. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің репродуктивті жүйесі ауруларына, оның ішінде мастопатияға, етеккір циклі бұзылыстарына, бедеулікке, климакстық синдромға, простатитке және басқа да ауруларға медициналық көмек көрсетеді.
Қытайлық мамандардың консультациялары Almaty Resort шипажайында 25 шілдеге дейін өтеді. Пациенттер емдеу бойынша кәсіби кеңес алып, өздеріне арналған жеке сауықтыру бағдарламасын таңдай алады.
Қабылдауға жазылу үшін: +7 980 867 34 41.