Басты бетAlmaty Resort медициналық және халықаралық туризм картасында өз позициясын нығайтуда

Almaty Resort медициналық және халықаралық туризм картасында өз позициясын нығайтуда

Almaty Resort медициналық және халықаралық туризм картасында өз позициясын нығайтуда Almaty Resort медициналық және халықаралық туризм картасында өз позициясын нығайтуда

Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының мәліметінше, соңғы бес жылда елімізге келетін шетелдік медициналық туристер саны бес еседен астам өскен. 2025 жылы бұл көрсеткіш 73 мыңнан асты. Бүгінде Қазақстанға жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін ғана емес, сонымен қатар шипажай-курорттық емделу, оңалту және сауықтыру мақсатында да келетіндер артып келеді. Оның үстіне, денсаулық сақтау жүйесі дамыған елдердің азаматтары арасында да отандық медицинаға қызығушылық артып отыр.

Ең болашағы зор бағыттардың бірі – шипажай-курорттық туризм. Алматының бұл саланы дамытуға барлық мүмкіндігі бар: бірегей таулы климаты, табиғи емдік ресурстары, заманауи медициналық инфрақұрылымы және қолайлы көлік қатынасы.

Мұны Almaty Resort қызметінің көрсеткіштері де растайды. Жыл басынан бері шипажай 166 шетелдік қонақты қабылдады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық көп (өсім – 97,6%).

«Шетелдік қонақтардың басым бөлігі халықаралық іс-шаралар, конференциялар мен іскерлік бағдарламалар аясында келді. Сонымен қатар олар шипажайдың емдік-сауықтыру қызметтерін пайдалануды да назардан тыс қалдырған жоқ. Негізгі шетелдік қонақтар Қытай, Қырғызстан және Ресей азаматтары болды», – дейді Almaty Resort орналастыру және қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Сабина Байсұлтанова.

Тарихы кеңестік кезеңнен бастау алатын Almaty Resort бүгінде Қазақстандағы жетекші шипажайлардың бірі саналады. Халықаралық деңгейдегі заманауи медициналық жабдықтар, тәжірибелі мамандар және әрбір қонаққа жеке көзқарас - денсаулық жағдайына сәйкес емдеу бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді. Мұнда аурудан кейінгі қалпына келу, алдын алу шаралары, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеу және созылмалы күйзелістің салдарымен күресуге арналған бағдарламалар ұсынылады. Жыл сайын мұнда 11 мыңнан астам адам ем алып, демалады. Олардың қатарында шетелдік қонақтар да бар.

Сауықтыру бағытымен қатар, Almaty Resort халықаралық іс-шаралар өтетін маңызды алаңға да айналып келеді. Маусым айында  Алматының Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі аясында ұйымдастырылған Түркі әлемі жастарының халықаралық диалогына қатысушылар шипажайда бас қосты. Бес күн бойы Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның жастар делегациялары білім беру, мәдени, экологиялық және волонтерлік жобаларға қатысты.

«Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында түркі мемлекеттерінің жас өкілдері Turkic Youth Tree of Unity экологиялық акциясын өткізіп, шипажай аумағында бірлесіп ағаш отырғызды. Бұл достықтың, бірліктің және қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершіліктің белгісі болды. Осылайша Almaty Resort аумағында Түркі жастарының Бірлік аллеясы пайда болды. Ол халықаралық ынтымақтастық пен болашаққа деген ортақ қамқорлықтың символына айналды.

Сонымен қатар Almaty Resort базасында «Жартас» қоры ұйымдастырған халықаралық медиатренинг өтіп, оған шамамен 70 шетелдік қатысушы жиналды. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет өткен ринопластика бойынша халықаралық конгресс те осы шипажайда ұйымдастырылды. Оған отандық және шетелдік жетекші мамандар қатысты. Сонымен бірге ауқымды шараға негізделген туризм де қарқынды дамып келеді. Шипажай аумағында өткен DO BE DOO және Picnic by Partners фестивальдері мыңдаған қатысушыны жинап, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының  назарын аударды.

Халықаралық іс-шаралар көптеген шетелдік азаматтарына Қазақстанмен ғана емес, еліміздің шипажай-курорттық медицинасының мүмкіндіктерімен де танысуға мүмкіндік беруде. Мәселен, Моңғолиядан келген медиатренинг қатысушысы Батжарғал Қазақстанға алғаш рет келген. Ол қазақ халқының қонақжайлығы, медициналық қызметтің жоғары деңгейі және емдік процедуралардың тиімділігі ерекше таңғалдырғанын  айтты.

«Бұл көпшілігіміз үшін Қазақстанға алғашқы сапар болды. Ең алдымен біз шынайы қонақжайлықты байқадық. Сонымен қатар, электротерапия, магнитотерапия процедураларынан өтіп, тұз бөлмесінде (галокамерада) болдық. Бірақ маған ең қатты ұнағаны – балауызбен емдеу (фангопарафин). Иық тұсымдағы бұлшықет ауырсынуы бірнеше сеанстан кейін-ақ айтарлықтай басылды. Дәрігерлер мен медбикелерге ерекше алғысымды білдіремін. Олар әрбір пациентке үлкен ықыласпен қарап, шын мәнінде көмектеседі. Мен міндетті түрде Almaty Resort жайлы Моңғолиядағы достарыма және таныстарыма айтатын боламын», – деді Батжарғал.
(https://www.instagram.com/reel/DZT_cGAlR46/?igsh=MXhxOXdxaWp6dGpjZg==)

Шипажай қызметінің жоғары деңгейін қонақтардың пікірлері де дәлелдейді. Ресейден келген Людмила есімді қонақ өз әсерімен бөлісті:

«Біздің елде де жақсы шипажайлар көп. Бірақ біз Almaty Resort-қа келуді жөн көрдік. Алматының әсемдігіне, қонақжайлығына және, әрине, шипажайдың қызметіне тәнті болдық. Бізді жылы жүзбен қарсы алып, дәрігерлер көптеген пайдалы кеңестер берді. Әсіресе мейрамхана қызметкерлеріне ризамыз – олардың ықыласының арқасында әрбір ас ішу ерекше әсер қалдырды. Бізге ұлттық нақышқа толы ерекше атмосфера ұнады: қазақтың дәмді тағамдары, әсем әуендері, суретшілердің туындылары. Барлық қызметкерлер сыпайы, мұқият және қонақтарға әрдайым ізетпен қарайды. Біз осы жерден ерекше алғыс сезімімен аттанамыз».

Мамандардың айтуынша, сапалы медициналық қызмет, қолжетімді баға, табиғи емдік ресурстар және жоғары қызмет деңгейінің үйлесімі - Қазақстанның шипажайларын шетелдік қонақтар арасында барған сайын тартымды етіп келеді. Жыл сайын келушілер географиясы кеңейіп, Орталық Азия мен ТМД елдерінен бөлек, алыс шетел мемлекеттерін де қамтып отыр.

Анықтама:

1967 жылы негізі қаланған Almaty Resort Қазақстанның шипажай-курорттық медицинасының көшбасшыларының бірі болып отыр. Шипажай дәстүрлі сауықтыру тәжірибесін сақтай отырып, оны заманауи медициналық технологиялармен ұштастырып келеді. Бес жұлдызды шипажай Тұңғыш Президент саябағынан небәрі бірнеше минуттық жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте орналасқан кешен қонақтарын таза тау ауасымен, 21 гектарлық жеке саябақпен, көлеңкелі аллеялармен және серуен бағыттарымен қарсы алады. Мұнда емдік процедуралар жайлы демалыспен үйлесіп, қонақтарға денсаулықтарын қалпына келтіріп қана қоймай, Алматының табиғатының сұлулығын тамашалауға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат алу немесе бөлме брондау үшін +7 700 057 4503 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз.