Басты бетАУРУДЫ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ БУЫН ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ? ТРАВМАТОЛОГ КЕҢЕСТЕРІ

АУРУДЫ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ БУЫН ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ? ТРАВМАТОЛОГ КЕҢЕСТЕРІ

АУРУДЫ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ БУЫН ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ? ТРАВМАТОЛОГ КЕҢЕСТЕРІ АУРУДЫ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ БУЫН ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ? ТРАВМАТОЛОГ КЕҢЕСТЕРІ

Біздің буындарымыз — икемділік пен қозғалыстың негізі, яғни, сау буын толыққанды өмір сүрудің кепілі. Адам денесінде 206-ға жуық сүйек буындармен байланысқанын ескерсек, оларға қамқорлық жасау — жастықты және белсенділікті сақтауға негіз болмақ. «Almaty Resort» шипажайының травматолог-ортопед дәрігері Берік Оспанов буын саулығын сақтау, жарақаттардың алдын алу және шипажайда буындарға арналған қандай емдеу шаралары ұсынылатыны туралы кеңес берді. Буын қимылын ұзақ жылдар бойы қалай сақтауға болады және буын мазалай бастаса не істеу керек? Бүгінгі әңгіме де осы туралы.

– Берік Мағауияұлы, буын саулығына ең көп әсер ететін қандай факторлар бар?

– Буындарға көптеген факторлар әсер етеді. Тек жас мөлшері ғана емес, генетика, қозғалыс деңгейі, артық салмақ, жарақаттар, созылмалы аурулар, тіпті тамақтану — буын үшін өте маңызды. Мысалы, артық салмағы бар адам буындарына көбірек салмақ түсіреді, бұл олардың тозуын тездетеді. Сол сияқты, қозғалыссыз өмір салты бұлшықеттерді әлсіретеді, нәтижесінде буындарға қосымша жүктеме түседі.

– Күнделікті өмірде буын саулығын қалай сақтауға болады?

– Негізгі кеңес — қозғалыс. Тұрақты физикалық белсенділік буындардың «жұмыс істеуіне» көмектеседі, бұл әсіресе көп уақытын “отырып” өткізетіндер үшін маңызды. Сондай-ақ, дене қалпын бақылау, ыңғайлы аяқ киім таңдау және артық салмақтан аулақ болу қажет — бұл буындарды ерте тозудан сақтайды. Сондай-ақ, жылы ванна қабылдау және тұрақты дене жаттығуы сияқты қарапайым істер де жақсы нәтиже береді.

– Буындарға пайдалы болатын қандай физикалық белсенділік түрлері пайдалы? Мәселен, орта және егде жастағы адамдар үшін?

– Барлық спорт түрлері буындарды қалпына келтіруге және сақтауға жарамайды. Қозғалыс деңгейі төмен түрлерін таңдау маңызды, мысалы, жүзу, велосипед тебу және жаяу жүру. Жүзу жүктемені азайтып, буындардың икемділігін арттырады, ал жаяу жүру мен велосипед тебу бұлшықеттерді нығайтады. Бұл түрлерді кез келген жастағы және физикалық дайындық деңгейі әртүрлі адамдарға бейімдеуге болады және олар буындарға шамадан тыс салмақ түсірмейді.

– Тамақтану буындарға қалай әсер етеді? Әсіресе қандай тағамдар пайдалы?

– Әрине, тамақтану — буындарды қолдаудың ең оңай және қолжетімді тәсілдерінің бірі. Омега-3 май қышқылдарына бай балықты, жаңғақтарды, тұқымдарды, көкөністер мен жемістерді тамақтануға қосу ұсынылады. Талшыққа бай тағамдар қабынуды азайтып, жалпы денсаулықты жақсартады. Тамақтану буындарға арналған «майлау» сияқты жұмыс істейді, олардың тозуын болдырмайды.

– Буын жарақаттарының алдын алу үшін күнделікті өмірде немесе спортпен айналысқанда не істеуге болады?

– Ең қарапайым әрі тиімді шара — кез келген физикалық белсенділік алдында тұрақты түрде денені қыздыру. Спортта қорғаныс құралдарын қолдану маңызды. Тұрмыста шалт қимылдан аулақ болған дұрыс және ауыр заттарды көтерерде мұқият болған жөн. Буындар осы себептерден жиы жарақаттанып жатады.

– Буын ауруларының ерте белгілері қандай?

– Ауырсыну, ісіну, қатаңдық немесе қозғалыс қиындығын сезсеңіз — бұл ескерту дабылы. Әсіресе қозғалыс кезінде сықырлау, немесе ауру белгілері сезілсе дәрігерге қаралған абзал. Ерте қаралу буын – буын қозғалысын хирургиялық араласусыз сақтап қалуға мүмкіндік береді.

– «Almaty Resort» шипажайы буын саулығын жақсарту үшін қандай емдеу шараларын ұсынады?

– «Almaty Resort» шипажайында тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдеу және алдын алу — негізгі бағыттардың бірі. Мұнда курорттың табиғи емдік факторларымен үйлескен тиімді әдістер қолданылады. Біз балшықпен емдеу, массаж, физиотерапия, емдік ванналар және бассейндегі жаттығулар ұсынамыз. Бұл әдістер әсіресе жарақаттан кейінгі және созылмалы аурулар кезіндегі буындардың ауырсынуын азайтып, қозғалысын жақсартуға көмектеседі. Физиотерапия мен ванналар тіндерді қалпына келтіріп, байламдардың икемділігін арттырады. Емдеу аяқталғаннан кейін дәрігер буын саулығын ұзақ сақтауға көмектесетін жеке ұсыныстар жасайды.