

Табиғат – ең жақсы дәрігер, ал «Almaty Resort» шипажайындағы ауа сіздің басты емшіңіз. Мұнда әрбір тыныс алғаныңыз ағзаны күш-қуатқа толтырады, ал серуендер дене мен жанға таптырмас терапия.
Неліктен біздің шипажайда серуендеу өте пайдалы?
1. Салқын, әрі көкірек сарайыңды ашатындай саф таза ауа . Жақын маңда өндірістік кәсіпорындар жоқ, сондықтан сіз тек таза тау ауасымен тыныс аласыз
2. Таулы орманның фитонцидтері. Шипажайды қоршаған өсімдіктер – ауру тудыратын микроорганизмдерді жоятын табиғи заттарды бөліп шығарады.
3. Қылқан жапырақты талдар мен жасыл өскіндердің жағымды хош иістері. Олар тек ләззат қана емес, қосымша тыныштық сыйлайды.
Терренкур: денсаулыққа пайдалы серуендеу
«Almaty Resort» шипажайында серуендеу – санаторлы -курорттық емдеу әдісіне жатады. Терренкур - бұл әртүрлі күрделіліктегі, белгілі бір жүктемеге сай жаяу жүру түріндегі физикалық белсенділік, олар:
• төзімділікті дамыту;
• жүрек, өкпе, бұлшықет жаттығулары;
• метаболизм мен жүйке белсенділігін жақсартады.
Сіздің денсаулығыңыз үшін үш түрлі бағыт
1. Жеңіл - 500 м: бірқалыпты ырғақты қалайтындар үшін.
2. Жеңіл жаттығу (орташа) - 1500 м: орташа белсенділік үшін.
3. Белсенді жаттығу (қиын) - 3000 м: ауыр жүктемеге дайын адамдар үшін.
Терренкур-маршруттарымен серуендеу әдетте дәрігердің бақылауымен жүргізіледі. Бұл сіздің ағзаңызға барынша тиімді есер етуді қамтиды.
Балғындыққа қош келдіңіз!
Тау ауа, қылқан жапырақты талдардың хош иісі және пайдалы серуендер – бұның бәрі біздің шипажайда. Табиғаттың емдік күшін сезініп, өзіңізге денсаулық пен қуаныш сыйлаңыз!
Нөмірді брондау үшін қоңырау шалыңыз: +7 778 499 66 42 (Whats App)