Басты бетҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ: ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ: ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ:  ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ:  ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ:  ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ:  ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ:  ЭНДОКРИНОЛОГТАН ТОП-5 КЕҢЕС

Қант диабеті – әлемдегі ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Дегенмен, бұл дертті емдегеннен гөрі алдын алған әлдеқайда тиімді. «Almaty Resort» шипажайының жоғары санатты эндокринолог-дәрігері Досалиева Дильбара Жақсыбекқызы денсаулықты сақтауға көмектесетін қарапайым әрі тиімді кеңестерімен бөліседі.

1. Салмақты бақылауда ұстаңыз

Артық салмақ – 2-типті қант диабетінің дамуына әкелетін негізгі факторлардың бірі. Дене салмағының  5-7 процентке азаюының өзі дерттің даму қаупін едәуір төмендетеді.

2. Көбірек қимылдаңыз

Физикалық белсенділік ағза жасушаларының глюкозаны қосымша инсулинсіз сіңіруіне көмектеседі. Жаяу жүру, жүзу, йога немесе велосипед тебу - өзіңізге ұнайтын түрін таңдаңыз.

3. Дұрыс тамақтаныңыз

Тамақтану рационыңыздың негізін көкөністер, тұтас дәнді өнімдер, майсыз ақуыз және пайдалы майлар құрауы керек. Қантты, тәтті газды сусындарды, фастфудты және гликемиялық индексі жоғары өнімдерді шектеңіз.

4. Қандағы қант пен қысымды бақылаңыз

Қандағы глюкоза деңгейін үнемі тексеріп отырыңыз, әсіресе отбасыңызда диабетпен ауырғандар болса қант деңгейін бақылауда ұстаған жөн. Артериялық қысым мен холестеринге де назар аудару маңызды.

5. Стресс пен ұйқыны елеусіз қалдырмаңыз

Созылмалы стресс пен ұйқының жетіспеушілігі зат алмасуды бұзып, диабеттің даму қаупін арттырады. Тынығу, босаңсу жолдарын табуға тырысыңыз және тәулігіне кемінде 7–8 сағат ұйықтаңыз.

Аурудың алдын алу – болашаққа жасалған инвестиция. Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз денсаулығыңызды және өмір сапасын сақтай аласыз, — дейді Дильбара Жақсыбекқызы.