Басты бетЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН БЕЛСЕНДІ ҚОЗҒАЛЫС — ОСТЕОХОНДРОЗҒА ҚАРСЫ ЕҢ ТИІМДІ ЕМ ТҮРІ

Остеохондроз — омыртқа ауруларының ең көп таралған түрлерінің бірі. Бұл дертке жастар да, егде жастағылар да жиі шалдығады. «Almaty Resort» шипажайында остеохондрозға қарсы заманауи физиотерапиялық әдістер қолданылады. Бұл әдістер ауырсынуды басып қана қоймай, аурудың әрі қарай дамуына жол бермейді. Емдеу процесі мен алдын алу шаралары туралы шипажайдың невропатолог дәрігері Дина Александровна Убайдуллаева әңгімелейді.

— Дина Александровна, остеохондрозбен ауыратын науқастар сізге қаншалықты жиі келеді?

— Шипажайымызға келген әрбір екінші қонақ остеохондрозға байланысты шағыммен жүгінеді. Бұл ауру әлдеқашан «өркениет дертіне» айналып үлгерді.  Яғни, аз қимыл, компьютер алдында ұзақ отыру, дұрыс отырмау, артық салмақ – омыртқааралық дискілердің тозуына әкеледі. Нәтижесінде ол ауырсыну, аяқ-қолдың ұюы, тіпті бас айналуына себеп болады.

  • Шипажайда қандай емдеу әдістері қолданылады?

— «Almaty Resort» шипажайында біз кешенді емдеу тәсілін қолданамыз. Ең басты көмекшіміз — физиотерапия. Бізде магнитотерапия, лазеротерапия сынды заманауи аппараттар бар. «Вакумед» аппараты да жақсы нәтиже көрсетуде — ол қан айналымы мен лимфа ағымын жақсартып, ісінуді азайтады және бұлшықеттің ширығуын жояды. Сонымен қатар, емдік ванналар, массаж және емдік дене шынықтыру да жиі қолданылады.

— Ал остеохондроздың алдын алу үшін не ұсынар едіңіз?

— Ең бастысы — қимыл-қозғалыс. Күнделікті серуендеу, жүзу, арқа бұлшықеттерін нығайтатын жаттығулар жасау керек. Сондай-ақ, дұрыс қалыпта отыруға көңіл бөліп, бір орында ұзақ отырудан аулақ болу керек. Сонымен қатар, жылына бір рет шипажайлық-курорттық ем қабылдауды ұсынамын — бұл тек ауырсынуды жеңілдетіп қана қоймай, аурудың дамуын тежеуге де көмектеседі.

— Шипажайда жүрген кезінде-ақ жағдайының жақсарғанын байқаған науқастар болды ма?

— Иә, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Көп жағдайда пациенттер емнің алғашқы аптасынан кейін-ақ ауырсынудың азайғанын, қозғалыстың жақсарғанын және жалпы жағдайының түзелгенін байқайды. Әсіресе физиотерапиялық емді  жаттығулармен ұштастырып, дәрігердің кеңестерін бұлжытпай орындаған науқастарда нәтиже айқын көрінеді.  Ең қуанарлығы — бізден кетерінде науқастардың тек денсаулығы жақсарып қана қоймай, өзіне күтім жасауға деген ынтасы арта түседі.