
«Компьютерде көп жұмыс істеймін, қимыл аз… Кешке қарай мойным ауырып, арқам сыздайды».
Мұндай шағымды біздің реабилитолог-дәрігеріміз Шин Александр жиі естиді.
Ұзақ уақыт бір орында тапжылмай отырғанда буындардың қозғалғыштығы төмендейді, қанайналым нашарлайды, бұлшық еттер тартылады, бас ауырып, денеде ауырлық сезімі пайда болады.
Остеохондроздың алдын алу үшін күн сайын ағзаға аз да болса қозғалыс қажет.
Біз сіздерге небәрі 5 минут қана уақыт алатын, оңай әрі пайдалы жаттығулар жиынтығын дайындадық. Бұл жаттығулар омыртқаны жеңілдетіп, икемділікті сақтауға, күні бойы компьютер алдында отырсаңыз да, белсенді болуға көмектеседі.
Ең бастысы – жаттығу жасау үшін гантель де, жаттығу залы да қажет емес. Кәдімгі орындық, сүлгі, белдік немесе тіпті есік тұтқасын пайдалана аласыз.
https://www.instagram.com/reel/DMNeWsOJ9J5/?igsh=YjAxaTNyYXNna2xz