«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ-тың «Алматы» филиалы


Біз туралы

««Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының «Almaty Resort» шипажайына хош келдіңіздер!

«Almaty Resort» шипажайы заманауи көпбейінді санаторлық-курорттық кешен болып табылады. Ол жерде Сіздерге тек жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетіліп қана қоймайды, сонымен бірге еуропалық стандарттарға сай жасалған жайлы бөлмелерде тамаша демала аласыздар.

Жеке емдеу сипаты – біздің медициналық және санаторлық-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі. Мұнда әр науқастың жеке талаптары мен медициналық көрсеткіштері толық ескерілетін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.

Біздің шипажай ә...

Толығырақ...

Бөлмелердегі жалпы ыңғайлылық

Қазір «Almaty Resort» шипажайы әлемдік стандарт бойынша ең заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, жайлы және жоғары сервистік қызмет көрсететін, демалушыларға медициналық және сервистік қызметтердің кең ауқымы көрсетілетін заманауи және бірегей емдеу-оңалту, сауықтыру кешені болып табылады.

Тұру Брондау

Біздің тарих

Жыл сайын көптеген адамдар түрлі қалалардан денсаулығын жақсарту және әдеттегі жұмыс күндерінен демалу мақсатында «Алматы» санаторийіне келеді. «Алматы» санаторийінің біздің сүйікті алмалы қаламыздың көркем жерінде орналасқаны бәрімізге мәлім.

Санаторийдің құрылу тарихы өте қызықты. Оның алпысыншы жылдардың басында құрылғанын білеміз. Алматы қаласында, жалпы Қазақстанда емдеу мекемелері жетіспейтін. Осыған байланысты Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 16 қазандағы №773 Қаулысының негізінде қала сыртынан аурухана жобалау және салу туралы шешім қабылданды. Қарғалы кооперативтік техникумының солтүстік-шығыс аумағында аудан көлемі үлкен жер телімі бөлінді.

Санаторийді салу үшін теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінен, экологиялық таза ауданнан тамаша жер таңдалды. Бұл жердің климаты континенттік, температурасы ерекше, жазда бір-екі градусқа төмен және қыста бір-екі градусқа жылырақ. Оттегінің атмосфералық және парциалдық қысымы теңіз деңгейіне қарағанда төмен. Таза ауа, ультракүлгін сәуле, қоршаған өсімдіктердің құрамындағы хош иісті заттар мен фитонцидтер осы аймақтың климаттық факторларын демалушыларды кешенді емдеу кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Ең алдымен бас корпус, шаруашылық аула, медициналық қызметкерлерге арналған үш тұрғын үй, қазандық және азық-түлік дүкені салынды, сонымен бірге байланыс бөлімшесі ашылды, аурухана аумағында күздік-қысқы ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ кіру жолдары салынды. Құрылыс жеке жоба бойынша жүргізілді.

Орталықта бас корпус болды, оның айналасында барлық корпустар, асхана мен кинозал орналастырылды. Бас корпустың шетінде шаруашылық аула, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, балабақша және азық-түлік дүкені орналастырылды. Мәңгі жасыл ағаштардың ортасының шетінде қысқы және жазғы бассейндер бар.

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 1999 года №1340 «Санаторий «Алматы» реорганизован в РГКП «Клинический санаторий «Алматы» Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан».

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы М.Б. Бейсенбаев пен СССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.А. Косыгиннің кездесуі барысында Кисловодскіде, Ессентукиде және Сочиде типтік санаторийлер салу үшін жер учаскелерін бөлу туралы мәселе қарастырылды, бұл жоспарланған аурухана орнына санаторий ашу туралы шешімнің туындауына әсер етті.

Сөйтіп, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Президиумының 1967 жылғы 24 мамырдағы №18 Қаулысымен, Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Төртінші Бас басқармасы бастығының 1967 жылғы 9 маусымдағы №77-а бұйрығымен қала сыртындағы аурухана Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Төртінші Бас басқармасының «Алматы» клиникалық санаторийі» болып қайта аталды.
«Алматы» санаторийі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1340 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» клиникалық санаторийі» РМҚК болып қайта құрылды.
Санаторий әлеуетін тиімді пайдалану, оның қаржы-шаруашылық қызметін дамыту және менеджментті жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қарашадағы Қаулысымен «Алматы» клиникалық санаторийі» РМҚК жарғы капиталында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен ҚР ПІБ МО «Алматы» санаторийі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2008 жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Алматы» санаторийі» күрделі жөндеуге жабылды және үш жылдан кейін 2010 жылғы 12 қазанда жаңартылған күйінде қайта ашылды.

Санаторий күрделі жөндеуден кейін бірінші кезекте өткен және қазіргі «тәуелсіз» дәуірде дамуға баға жетпес үлесін қосқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерін, Қазақстан ардагерлерін, батырларын, жазушыларын, академиктерін қабылдады. Алғашқы демалушылардың қатарынан бұрынғы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, соғыс ардагері С. Жиенбаевты, бұрынғы Социалистік еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары В. Сидоровты, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, отставкадағы генерал Т. Бегельдиновты және т.б. кездестіруге болады.

2012 жылы Санаторийге 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі берілді.
2017 жылы «Оқжетпес» санаторийлер желісіне кіріп, филиал болды.
Қазір «Almaty Resort» шипажайы әлемдік стандарт бойынша ең заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, жайлы және жоғары сервистік қызмет көрсететін, демалушыларға медициналық және сервистік қызметтердің кең ауқымы көрсетілетін заманауи және бірегей емдеу-оңалту, сауықтыру кешені болып табылады.

Біздің серіктестер